1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі N 04/06 қаулысы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 05 мамырда N 8-10-81 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 наурыздағы N 03/08 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010.03.16 N 03/08 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына (әрі қарай заң) сәйкес 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, уақытылы және сапалы өткізу мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыру үшін Заңның 17 бабының 5-тармағына сәйкес құрамда әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:

      Бекмагамбетов Болат Абдикешович - комиссия төрағасы, Балқаш
                                        қаласының қорғаныс істері
                                        жөніндегі біріктірілген
                                        бөлімінің бастығы,
      Қошантаев Қайрат Жақыпбайұлы -    комиссия төрағасының
                                        орынбасары, Ақтоғай
                                        ауданы әкімінің орынбасары,

Комиссия мүшелері:

      Цхай Дмитрий Генадиевич -         Балқаш қаласының қорғаныс
                                        істері жөніндегі
                                        біріктірілген
                                        бөлімінің әскерге шақыру
                                        және шартты әскери қызмет
                                        бөлімінің бастығы,
      Мұхаметбеков Нұрлан Амандыкович - Ақтоғай ауданының ішкі істер
                                        бөлімінің қоғамдық
                                        қауіпсіздік
                                        бөлімшесінің бастығы
      Естеков Шәріп Құрмашұлы -         Ақтоғай аудандық медициналық
                                        бірлестігінің директорының
                                        орынбасары, дәрігерлік
                                        комиссияның төрағасы,
      Мукашбекова Панар Саматовна -     комиссия хатшысы, Ақтоғай
                                        аудандық медициналық
                                        бірлестігінің медбибісі.
      2. Кент, селолық округтердің әкімдері, мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының басшылары және меншік түріне қарамастан басқа да ұжым басшылары 2009 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға жататын 1982-1991 жылдары туылған барлық азаматтардың әскерге шақыру пунктеріне ұйымшылдықпен келуін, 2009 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға жататын іс-сапарда және кезекті демалыста жүрген 1982-1991 жылдары туылған барлық азаматтарды Заңның 19 бабына сәйкес іс-сапардан және кезекті демалыстан шақырып алуға оларды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру жиын пунктеріне уақытылы келуін қамтамасыз етсін.
      3. 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруға байланысты Заңның 44 бабының 1-тармағына сәйкес төмендегі іс-шаралар іске асырылып қамтамасыз етілсін;
      1) әскерге шақыру пункті үшін қызмет ғимараты мен орны (қажетті жағдайда ғимаратты жалға алу, жөндеу) коммуналдық – тұрмыстық қызмет көрсету (электр жарығы, сумен қамтамасыз ету, жылу беру, тазарту т.б) жиһаз, кеңсе құралдарымен, байланыс құралдары және кезекші автокөлік бөлінсін;
      2) Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігі (Р. Жарылғасынов) 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды дәрігерлік куәліндіруден өткізу үшін, әскерге шақыру учаскелерін қажетті маман дәрігерлермен, орта медбибілермен, техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етсін және азматтарды емдеу үшін арнайы орындар бөлсін. Сонымен бірге флюорографияға, ЭКГ-ға түсіру үздіксіз жұмыс істесін;
      3) ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А. Түсіпбеков) 2009 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу мерзіміне, яғни 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларына дейін ақы төленетін қоғамдық жұмысқа тіркелген жұмыссыздар есебінен Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру пунктеріне 3 адамды техникалық қызмет көрсету үшін бөлсін;
      4) ауданның кент, селолық округтерінің әкімдері жедел әскери қызметке шақырылған 1982-1991 жылдары туылған барлық азаматтарды 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің тізімдері және кестесі бойыша дәрігерлік куәләндіру және оларды мекен жайынан Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің жедел әскери қызметке шақыру комиссиясына дейін және кері қарай, мекен жайынан Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жедел әскери қызметке шақыру комиссиясына дейін және кері қарай, мекен жайынан Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктіне дейін жедел әскерге аттандыру үшін жеткізіп салу жұмыстарын ұйымдастырсын.
      4. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А. Зейнелғабдин) Заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға комиссиядан өткізуге байланысты әскери міндеттілікті орындауды қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін шараларды 2009 жылғы бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырсын.
      5. Ауданның ішкі істер бөлімі (С.А. Дюсебаев - келісім бойынша) Заңның 18 бабының 3-тармағына және 44-бабының 2-тармағына сәйкес жалтарып жүрген жедел әскерге шақырылушыларды іздестіру және ұстауды жүзеге асырсын, оларды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің жиын пунктіне апару кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
      6. Ауданның барлық мекеме, кәсіпорын, оқу орындары басшыларына, меншік түріне қарамастан кәсіпкерлер, басқа ұжым, қоғам басшыларына және кент, селолық округтердің әкімдеріне Заңның 18, 19, 44 бабтарына сәйкес 2009 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізудің маңыздылығы ескертілсін.
      7. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Б.А. Бекмагамбетов - келісім бойынша) 2009 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақырудың өткені жөніндегі қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2009 жылдың 15-шілдесі және 25-желтоқсанына ұсынсын.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ж. Қошантаевқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы:                         Б.З. Тлеубергенов

      КЕЛІСІЛДІ
      Балқаш қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы
      ___________________Б.А. Бекмағамбетов
      қолы
      06.04.2009 ж.

      Ақтоғай ауданының ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      ____________________С.А. Дюсебаев
      қолы
      06.04.2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады