1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткiзу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімінің 2009 жылғы 02 ақпандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 04 ақпанда N 8-11-71 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімінің 2010 жылғы 02 ақпандағы N 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімінің 2010.02.02 N 1 шешімімен.

      "Әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2009 жылғы қаңтардан наурызға дейін 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу өткізілсін.
      2. Ауданның селолық округтары мен кенттерінің әкімдері азаматтардың ұйымшылдықпен міндетті келуін қамтамасыз етсін.
      3. Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әли азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша үйлестіру кеңесін өткізсін.
      4. 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу қорытындылары туралы ақпарат 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін Бұқар жырау ауданы әкімінің аппаратына ұсынылсын.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Нашаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады