Жаңаарқа ауданында 2009 жылға арналған жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі Жастар тәжірибесінің ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 235 қаулысы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 тамызда N 8-12-56 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 мамырдағы N 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2010.05.18 N 99 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы, 6 тармақшасына сәйкес, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурызындағы "Дағдарыс арқылы жанару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурызындағы N 264 қаулысына орай, жұмыссыз азаматтарды - орта және жоғары кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаарқа ауданындағы уәкілетті органында жұмыссыз ретінде тіркелген 24 жасқа дейінгі жоғары кәсіптік, орта, кәсіптік лицей оқу орындарын бітірген жастарға Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастыру, еңбек нарығында басекеге қабілеттігін арттыру және жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету жасалынсын.
      2. 2009 жылға арналған Жастар тәжірибесінің бағдарламасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын Жаңаарқа ауданының мекемелері және кәсіпорындарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Жұмыспен қамту мәселесіне жауапты уәкілетті органы "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Шолпан Қалуқызы Ибраеваға:
      1) Жұмыс істеуге тілек білдірген жұмыссыз түлектерді қабылдау және жұмысқа жіберу тапсырылсын;
      2) уәкілетті орган және аудандағы жұмыс берүшілермен жастарды диплом алғаннан кейінгі тәжірибелік жұмыстарға жіберу жөніндегі келісім-шартқа отыру ұсынылсын.
      4. Республикалық трансферттерден бөлінген қаражат есебінен жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы 15000 (оң бес мың теңге) мөлшерінде белгіленіп, айлық төлемі 6 (алты айға) дейін бекітіліп төленсін.
      5. Жанаарқа ауданы әкімдігінің 5 маусым 2009 жылғы "Жаңаарқа ауданының түлектеріне "Жастар тәжірибесін" ұйымдастыру туралы" N 186 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандәулетұлы Жандәулетовке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді және 2009 жылғы 1 шілдеден пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Жаңаарқа ауданының әкімі                   Х. Омаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жаңаарқа ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ш.Қ. Ибраева
      28 шілде 2009 жыл

      "Жаңаарқа ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      А. Жылқыбаев
      28 шілде 2009 жыл

Аудан әкімдігінің
28 шілде 2009 жылғы
N 235 қаулысына
қосымша

2009 жылға арналған Жастар тәжірибесінің бағдарламасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын Жаңаарқа ауданының мекемелері және кәсіпорындарының тізбесі

Рет саны

Кәсіпорындар, мекемелердің атаулары

Адам саны

1.

"Атасу кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

2.

"Ақтау селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

1

3.

"Жаңаарқа ауданының орман және жануарларды қорғау" мемлекеттік мекемесі

1

4.

"Ақтасты селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

1

5.

"Ақтүбек селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

1

6.

"Аппаз селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

1

7.

"Бидайық селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

1

8.

"Байдалы би селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

9.

"Ералиев селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

10.

"Қараағаш селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

11.

"Қызылжар селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

1

12.

"Сейфуллин селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

13.

"Түгіскен селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

14.

"Целинный селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

15.

"Жаңаарқа ауданының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі

2

16.

"Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

17.

"Аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

2

18.

"Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

19.

"Аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

20.

Аудандық медициналық бірлестігі

2

21.

"Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

22.

"Аудандық салық бөлімі" мемлекеттік мекемесі

2

23.

"Аудандық спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

24.

"Аудандық статистика бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

25.

"Аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

26.

"Жаңаарқа аудандық қылмыстық атқару инспекциясы" мемлекеттік мекемесі

1

27.

"Аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

3

28.

"Аудандық қазынашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

29.

"Аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

30.

"Аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

31.

"Аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

5

32.

"Аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

33.

"Аудандық экономика және жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

34.

"Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

35.

"Аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

36.

"Жаңаарқа ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі

2

37.

"Аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

38.

"Ауылшаруашылық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі

1

39.

"Жаңаарқа" ғазеті редакциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

1

40.

"Аудан Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

41.

"Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" мемлекеттік мекемесі

2

42.

"Аудандық прокуратура" мемлекеттік мекемесі

1

43.

"Аудандық сот" мемлекеттік мекемесі

1

44.

Жаңаарқа белгі беру және байланыс дистанциясы

3

45.

Жаңаарқа станциясы

2

46.

Жаңаарқа ауданындағы "Нұр-Отан" халық демократиялық партиясының қоғамдық бірлестігі

3


Барлығы

75

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады