Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 17 сессияның 2009 жылғы 24 маусымдағы N 200 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 шілдеде N 8-14-99 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 30 сессиясының 2010 жылғы 18 қазандағы N 293 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 30 сессиясының 2010.10.18 N 293 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 2 тармағы 97 бабына, Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" Заңының 4 тармағы 34 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің" Ережесінің 2 тармағының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасы бекітілсін.
      2. Нұра аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 маусымдағы жетінші сессиясының N 109 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" (Нұра аудандық әділет басқармасында 2008 жылда 7 тамызда тіркелген, тіркеу N 8-14-81), Нұра газетінің 2008 жылғы 16 тамызда N 33 (5064) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Темірбаев

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Е. Тұранов

2009 жылғы 24 маусымдағы
ХVII сессиясының
Нұра аудандық мәслихаттын
N 200 шешімімен бекітілген

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 2 тармағы 97 бабына, Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" Заңының 4 тармағы 34 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің" ережесінің 2 тармағына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін беру тәртібін анықтайды.
      1. Осы Қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұрғын үй көмегі - тұтынған коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және байланыс кызметі (абоненттік ақы) жөніндегі шығындарды өтеу үшін Нұра ауданының тұрғындарына берілетін көмек және ол тұрғындарды әлеуметтік қорғау түрлерінің бірі болып табылады;
      2) жәрдемақы төлеу бойынша өкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір банктік операцияларын жасауға лицензиясы бар екінші дәрежедегі банкілер немесе мекемелер;
      3) телефонға абоненттік тарифтерінің арту өтемақысы – 2009 жылдың сәуір айының жағдайы бойынша қалыптасқан тарифтерінің және колданыстағы тарифтер аралығындағы айырмашылықты белгілейтін және телефонға абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін ақшалай өтемақы
      4) абонент - осы мақсаттар үшін абоненттік желі абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөлінген, байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан жеке тұлға;
      5) бюджетті атқару жөніндегі өкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, бухгалтерлік есепті жүргізу, жергілікті бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган.
      6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган.
      7) өтініш иесі (жеке тұлға) – жеке өзінің немесе отбасының атынаң тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жолыққан адам;
      8) жиынтық кіріс – тұрғын үй көмегін тағайындау құқығын анықтау кезінде ескерілетін кіріс (салықтық және зейнетақылық шегерілімдерді алыптастағанда) түрлерінің сомасы;
      9) өкілетті орган – тұргын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
      2. Тұрғын үй қөмегі тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, сонымен қатар телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді (өзгеріс болған жағдайда Мәслихаттың шешімімен белгіленеді).

2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау

      3. Тұрғын үй көмегі өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
      1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін - 30 шаршы метр;
      2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
газ:
орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда - айына 8 килограмм;
орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда – айына 10 килограмм;
қатты отын:
1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, 3-4 қабатта салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты салынған үйлерге 134 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 7 тонна көмірден артық болмауы тиіс.
Тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
отбасына электр қуатын тұтыну:
газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт;
электр плитасы бар үйлерде – 250 киловатт.
      3) cуық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.
      4. тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.

3.Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі

      5. Тұрғын үй көмегін осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері есепке алынбай тағайындалады.
      6. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
      7. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған он сегіз жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ 4 және одан да көп баланы - бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
      8. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін өкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
      9. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару соммасынан артуы тиіс емес.
      10. Тұрғын үй көмегін қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемнің үлгісі – бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең соммасына тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді ұстауға төлемді азайтады. Тұрғын үй жәрдемақысының соммасы комммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.
Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі өкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегін төлеу формасын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.
      11. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы көтерілуіне өтемақы төлеу, ауданның жергілікті өкілетті органдары бекіткен, шығыстардың жарамдылық деңгейінен асатын көлемде осы жергілікті жерде тұрақты өмір сүретін күн көрісі төмен отбасыларға (азаматтарға) ұсынылатын тұрғын үй көмегі құрамында жүзеге асырылады.
      12. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу үшін абонент тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттармен тұрғылықты жері бойынша өкілетті органға жүгінеді.
      13. Өкілетті орган әр айдың 5-күніне дейінгі мерзімде өткен ай үшін әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеуге ақшалай қаражат қажеттілігін жасайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органға жібереді.
      14. Аумақтық қазынашылық органдарына әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу үшін қаражатты аудару кезінде өкілетті орган төлеуге арналған шотты төлемдердің кезеңі мен сомасын көрсетумен абоненттердің тізімін қоса бере отырып ұсынады.
      15. Өкілетті орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне бюджетті атқару жөніндегі өкілетті органға әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне төленген өтемақы сомасы жөнінде ақпарат береді.
      16. Есеп шотқа тұрғын үй көмегін сомаларын аудару кезінде өкілетті орган салым салушыларының бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй жәрдемақысы сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-қисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.
      17. Өкілетті орган тұрғын үй көмегін алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен төлемеген(науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтатуға, құқылы. Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін комиссия тұрғын үй жәрдемақы алушысының қатыстыруымен қарайды. Комиссия шешім көшірмесін өтініш берушіге тапсырады.
      18. Тұрғын үй көмегі төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері

      19. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар, құжаттардың нақты тапсырылған күнне қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады.
Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақыларды есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
      20. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.
      21. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
      22. Жәрдемақыға құқықтарды анықтау кезде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.

5.Тұрғын үй көмегін өтіну және есептеу тәртібі.

      23. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша өкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына келесі құжаттармен өтінеді
      1) тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жылына 1 рет);
      3) тұрғын үй иелігіне құқығын анықтайтын құжаттың, инвентарлық және кадастрлық нөмірлері көрсетілген көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар) (жылына 1 рет);
      4) отбасы құрамын және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) (тоқсан сайын);
      5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (некені бұзу туралы куәлік, жалғыз тұратын 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;
      6) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындары туралы мәліметтер (түбіртек);
      7) өтініш берушінің телекоммуникациялар желісінің абоненті екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтері есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;
      8) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәліметтер;
      9) жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
      24. Құжаттар, салыстырып тексеру үшін, түпнұсқасында және көшірме түрінде тапсырылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      25. Қажеттілігіне қарай өкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындатуға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
      26. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Өкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
      27. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда өкілетті орган сұраныс жасауға құқықты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамнын табысы туралы мәлімет беруі қажет.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2009.11.25 N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      28. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақысын алушысының телекоммуникацияның ауылдық желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасыларының шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.

6. Жиынтық табысты есептеу

      Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрi – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақсын тағайындауды жүзеге асыратын өкiлеттi орган есептейдi (бұдан әрi – өкiлеттi орган).
      Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
      Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген (кеткен) отбасы мүшесiнiң табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
      Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақсына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) Қазақстан Републикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлерi есептеледі.
      Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
      Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
      Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.

7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын табыс түрлерi

      29. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) өзге де табыс.
      30. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй жәрдемақысы;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) азык-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген азаматтарға көрсетілетін ақшалай немесе заттай түрдегі көмек;
      6) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      7) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
      8) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      9) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      10) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
дәрілiк препараттар;
санаторийлiк-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды тегiн тамақтандыру түрiнде көрсетiлген заттай көмек түрлерi.
      12) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      13) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек.

8. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, еңбек ақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс

      31. Жиынтық табысты есептеу кезiнде отбасының мынандай түрде алынған табысы (осы қағиданың 30 тармағында көрсетілгеннен тыс) есепке алынады:
      1) Жұмыс беруші еңбек ақы ретінде есептеген, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлері, онын ішінде кесінді, мерзімді, сондай–ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлық ақылар, қосымша ақылар, үстемақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін ақшалай соманың қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);
      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай–ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақы;
      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған, кызметкерлер саны немесе штаты қыскартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар;
      уакытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңіндегі жалақы;
      мерзімді жұмыстарда істейтін жұмыскерлердін жалақысы отбасының жиынтық табысына болып есептеледі. Жалақы жоқ мерзімде жиынтық табыс оның есебісіз есептеледі;
      сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы;
      бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақыларды басқа жалақы есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін басқа да төлем түрлері;
      мерзімде қызметтегі әскери қызметшілердін ақшалай үлесім коспағанда, әскер кызметшілердін, оның ішінде келесім-шарт бойынша қызмет өткеріп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының үстем ақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай үлесі;
      жалдау бойынша төленетін еңбекақы;
      жұмыс беруші төлеген кредит сомасы. Көрсетілген төлемдер кредитті өтеудің белгіленген мерзіміне бөліп таратылады;
      2) Әлеуметтік төлемдер атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құкықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;
      мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
      мемлекеттік арнаулы жәрдем ақы жер астындағы және ашық тау жұмыстарында, сондай-ақ аса зиянды және ауыр жұмыс жағдайда жұмыс істеген адамдарға;
      мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленген төлемдер;
      бала бір жасқа толғанға дейін және 18 жасқа дейінгі балалардың оның күтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
      үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдык қамсыздандыру;
      шәкіртақы төленетін қаражат көздерінен қарамастан оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға басқа да оқу мекемелерінің тындаушыларына;
      жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік
қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақылар;
      1, 2 – топтағы жалғызілікті, басқа адамның көмегіне мұктаж мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақыларына косылатын күтімге арналған қосымша үстемақылар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша бюджеттен берілетін басқа да ұдайы төлемдер;
      бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде (оның ішінде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар және т.б. бойынша берешектер) жиындық табысқа есептік кезеңде алынған табыстың барлық соммасы есептеледі.
      Әлеуметтік төлеуге еңбек ақы ретінде алынған табыс көлемі анықтамамен расталады.

9. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс

      32. Жиынтық табысты есептеу кезiнде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен:
      1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған.
      Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;
      4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
      33. Жекелеген азаматтарға жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.
      Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
      34. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.
      35. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
      Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

10. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс

      36. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
      37. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
      Егер төлеушi алимент төлеуден жалтарған жағдайда, жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледi:
      1) жұмыс істемейтін және өкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген (анықтамасын ұсынған) кезде;
      2) бас бостандығынан айыру орындарында не уакытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аудармайтыны туралы түзеу мекемесінің анықтамасын ұсынған кезде);
      3) туберкулез, психоневрологиялық диспансерде (стационарларда), еңбекпен емдеу профилакторийінде емдеуде жүрген немесе есепте тұрған (анықтамасын ұсынған кезде);
      4) Қазақстан Республикасының тиісті келісім жасаспаған мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен;
      5) құзыретті органның анықтамасымен немесе учаскелік комиссияның актісімен расталады, спиртті ішімдіктерді, есірткі заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды ұстаудан жалтарған жағдайда, алиментті есепке алмай есептеледі.
      38. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
      39. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не пошта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.

11. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс

      Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
      Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi немесе басқа да құзыреттi орган растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi.
      Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады.
      Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
      Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы) түскен табыс есепке кірмейді. Өнім бермейтін жастағы (төл) үй малынан, түсетін табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.

12. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын өзге табыс

      Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
      2) бағалы қағаздардан (дивидендтер)
      3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
      4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
      5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
      6) авторлық сыйақы түрiндегi;
      7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
      8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
      9) қайтарымсыз алынған ақша;
      10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
      11) ақшалай аударымдар;
      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
      13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
      Көрсетілген табыстардың алынған уақыты есептеледі және жазбаша өтінішімен расталады.
      Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
      Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
      Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады