"Сайлау алдындағы үгіт материалдарды орналастыру және сайлау алдындағы үгітке бағытталған митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін орындарды белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 6 шілдедегі N 493 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 05 қарашадағы N 2124 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қаласының Әділет басқармасында 2009 жылы 30 қарашада N 10-1-121 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 01 ақпандағы N 5609 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігінің 2013.02.01 N 5609 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және Қызылорда қалалық әділет басқармасының 2009 жылғы 5 қазандағы N 2/7016 ұсынысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Сайлау алдындағы үгіт материалдарды орналастыру және сайлау алдындағы үгітке бағытталған митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін орындарды белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 6 шілдедегі N 493 қаулысына ("Ақмешіт ақшамы" газетінің 2007 жылғы 3 тамыздағы N 60 (480) жарияланған, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде N 10-1-60 нөмірімен тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулы келесі мазмұндағы 6-тармағымен толықтырылсын:
      "6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                         М. ЕРГЕШБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады