2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі N 54 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 20 сәуірде N 10-3-135 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 08 ақпандағы N 21 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2010.02.08 N 21 Қаулысымен.

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығына, "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 623 Қаулысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруды немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырушы аудандық шақыру комиссиясы құрылсын және осы қаулының қосымшасына сәйкес оның құрамы бекітілсін.
      2. Қала, кент, ауылдық округ әкімдері шақырылғандарды аудандық
дәрігерлік сараптамаға толығымен келуін қамтамасыз етсін.
      3. Кеңес беру диагностикалық емханасының бас дәрігерінен (М.Бұйраев, келісім бойынша):
      1) шақыру учаскесіне әскер қатарына шақырылғандарды сапалы дәрігерлік сараптамадан өткізу мақсатында кәсіби шеберлігі жоғары дәрігерлер бөлу;
      2) дәрігерлерді қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету сұралсын.
      4. Арал аудандық аурухананың бас дәрігерінен (А.Асанбаев, келісім бойынша) әскер қатарына шақырылғандардың денсаулығы жарамсыз болған жағдайда емдеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
      5. Арал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін әскер қатарына шақыру уақытында "Қызылорда электр жүйесін тарату компаниясы" АҚ-ның Арал аудандық филиалынан (А.Сұлтанов, келісім бойынша) үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз ету сұралсын.
      6. Аудандық телекомуникация торабынан (Б.Хамитов, келісім бойынша) Арал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін телефондық байланыспен қамтамасыз ету сұралсын.
      7. Арал аудандық әділет басқармасынан (З.Айтжанова, келісім бойынша) әскери міндетті және әскер қатарына шақырылушы азаматтардың тегі, аты-жөні өзгертіліп тіркелген немесе қайтыс болған азаматтардың Арал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлау сұралсын.
      8. Арал аудандық ішкі істер бөлімінен (Қ.Қожанов, келісім бойынша):
      1) азаматтарды әскерге шақыру және шығарып салу кезінде аудандық шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылау, шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз ету және қорғаныс істері жөніндегі бөлімде ішкі тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
      2) Қызылорда облыстық жинақтау пунктіне шақырылушыларды
тасымалдауда жол қауіпсіздігін бақылауға және қамтамасыз етуге полиция қызметкерлерін бөлу сұралсын.
      9. Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөліміне (Қ.Аяпов) әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға қоғамдық
жұмысқа өз еріктерімен келіскен жұмысшыларды бөлу тапсырылсын.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Дабыловқа жүктелсін.
      11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
      6 сәуірдегі N 54 қаулысымен
бекітілген қосымша

2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырушы аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ:

      Байсынов Мұрат Балтабекұлы - Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
      Дабылов Бөрі - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.

      Комиссия мүшелері:

      Бердалиев Қасқырбай - Арал аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары (келісім бойынша)
      Бұйраев Мамай Бұйраұлы - аудандық кеңес беру диагностикалық емханасының бас дәрігері (келісім бойынша)
      Қодарова Гүлбарам - кеңес беру диагностикалық емханасының аяжаны, комиссия хатшысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады