Сайлау алдындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы N 501 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 27 наурызда 10-5-107 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданының Әділет басқармасының 2011 жылғы 24 тамыздағы N 2-9/2549 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданының Әділет басқармасының 2011.08.24 N 2-9/2549 хатымен).

      Сайлау алдындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңын басшылыққа ала отырып, аудандық сайлау комиссиясымен бірлескен мәжілісінің қорытындысы бойынша Қармақшы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайлау алдындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (Е.Тоқтаров) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кандидаттарға үгіттеу материалдарын:
      1) ескерткіштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға;
      2) тиісті объект иесінің рұқсатынсыз іліп қоюға тыйым салынатыны түсіндірілсін.
      3. Аудан әкімі аппараты аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп осы қаулымен белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жабдықтасын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.
      5. "Сайлау алдындағы үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі N 63, әділет департаментінің Қармақшы аудандық басқармасының 2007 жылғы 6 шілдедегі мемлекеттік тіркеу N 10-5-73 қаулысының күші жойылсын және "Сайлау алдындағы үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 ақпандағы N 479 қаулысы жойылсын.
      6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   Б. Қаюпов

       Аудан әкімдігінің
23 ақпан 2009 жылғы
N 501 қаулысына қосымша

Сайлауда кандидаттардың сайлауалды үгіт баспа материалдарын орналастыру орындары

N Кент, ауыл округтері Үгіт баспа материалдары орналасатын орын.

1

Жосалы кенті

Мүсірбаев және Айсаутов көшелерінің қиылысы (Жібек жолы кафесінің маңы)


Балқы базар және М.Шоқай көшелерінің қиылысы  (Темір жол өткелінің маңы)


Қорқыт ата және М.Шоқай көшелерінің қиылысы, (Халық банкінің маңы)


Т.Рысқұлов көшесінің бойы
(Аудандық мәдениет үйінің қақпасы)

2

Төретам кенті

Жаңқожа батыр көшесінің бойы (Қазпошта аудандық байланыс бөлімшесінің маңы)

3

Қармақшы ауылдық округі

Наурыз көшесінің бойы.
(Ауылдық пошта үйінің маңы)

4

Қызылтам елді мекені

Сары жылуан көшесінің бойы
(Мектеп ғимаратының маңы)

5

Ақай ауылдық  округі

Абай көшесінің бойы (Жамал дүкенінің маңы)

6

Жосалы ауылдық округі

О.Қазиев көшесінің бойы
(Жосалы СТК кеңсесінің маңы)

7

Иіркөл ауылдық округі

Е.Құрманбаев көшесінің бойы
(ауылдық пошта үйі маңы)

8

Жаңажол ауылдық округі

Қ.Бексалды көшесінің бойы.
(Ауылдық пошта үйінің маңы)

9

ІІІ-Интернационал ауылдық округі

Амангелді көшесінің бойы.
(Арзу магазинының бойы)

10

Ақтөбе ауылдық округі

Кеңсе көшесінің бойы ("Алтын дән ПВА" ЖШС алды) және Сералиев көшесінің бойы.

11

Ақжар ауылдық округі

Қ.Ізтілеуов көшесінің бойы
(Ақжар ауылдық базарының маңы)

12

Дауылкөл ауылдық округі

Ешниязсал көшесінің бойы.
("Тұрмағамбет" ЖШС кафесінің маңы)

13

Алдашбай ахун ауылдық округі

О.Шораяқ және Әбжалиев көшелерінің қиылысы

14

Қуандария ауылдық округі

Т.Жұбанов және Мектеп көшелерінің қиылысы.

15

Көмекбаев ауылдық округі

Абай көшесінің бойы
(Ауылдық пошта үйінің маңы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады