Жастар практикасын ұйымдастырудың мәселелері туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 827 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 мамырда N 10-6-125 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы N 27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.01.29 N 27 қаулысымен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарын және "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жастар практикасынан өткізуді ұйымдастырудың тәртібі 1-қосымшаға сәйкес;
      2) Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жастар практикасынан өткізу ұйымдастырылатын мекемелер тізімі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулы баспасөз бетінде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Алиеваға жүктелсін.

      АУДАН ӘКІМІНІҢ
      МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ                         Б. ТАСЫБАЙ

       Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы
14 мамырдағы N 827 қаулысымен
бекітілген 1-қосымша

Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жастар практикасынан өткізуді ұйымдастырудың тәртібі

      Осы тәртіп "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысын орындау үшін жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен тәжірибесін арттыру мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      
      1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру (бұдан әрі - жастар практикасы) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
      2. Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жастар практикасынан өткізеді.
      3. Жастар практикасы меншік түріне қарамастан мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда ұйымдастырылады (бұдан әрі - жұмыс беруші).
      4. Жастар практикасын ұйымдастыру мен бақылауды бөлім жүргізеді.

2. Жастар практикасын ұйымдастыру

      
      5. Бөлім жастардың жұмысқа орналасуын талдау негізінде кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың санын анықтайды.
      6. Жастар практикасын ұйымдастыру кезеңінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
      1) жұмыссыз азаматтардың саны-кәсіби оқу орындарын бітірушілердің бөлімінде тіркеліп тұрған жалпы жұмыссыз азаматтардың қандай бөлігін құрайтындығы;
      2) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген кәсіби оқу орындарын бітірген жастар санының өсуі;
      3) жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектейтін кәсіби оқу орындарын бітіруші түлектерінің еңбек өтілінің болмауы.
      7. Бөлім жұмыс беруші жөнінде олардың дамуы, өндірісінің кеңеюі жөніндегі мәліметтерді жинап, жастар тәжірибесіне қатысушыларды жұмысқа қабылдау мүмкіндігін анықтайды.
      8. Жұмыс берушілер жөніндегі мәліметті талдау қорытындысын негізге ала отырып, бөлім жастар практикасына қатыстыруға кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтарды жасақтайды.
      9. Үміткерлер іріктеу кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
      1) үміткерлердің бөлімде жұмыссыз есебінде тіркелуі;
      2) іріктеу кезеңінде кәсіби мамандығы бойынша жұмыстың болмауы;
      3) жасы 29 жасқа дейінгі жастар.
      10. Жастар практикасына қатысушы жұмыссыздар 12 ай ішінде осы тәжірибе басталған уақыттан бастап 1 рет қатыса алады және бөлімде жұмыссыз есебіне тіркелген уақытына қарай жіберіледі.
      11. Уақытша жұмыс орнын ұсынғысы келетін жұмыс беруші бөліммен келісім шарт жасайды. Келісім шартта қабылданатын жұмыссыздар саны, мамандықтар тізімі, қажет болған жағдайда қосымша кәсіби дайындығы, жастар практикасына қатысушылардың кәсіби білімдерін, біліктілігін, дағдылануын өзінің мамандығына сәйкес үйретілетіндігі көрсетіледі. Жастар практикасының ең жоғары мерзімі 6 айдан аспауға тиіс.
      12. Осы келісім-шарт негізінде бөлім жұмыссыздың келісімімен жұмыс берушіге жолдама береді.
      13. Жұмыс беруші жолдаманың бір данасын бөлімге қайтарады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009.10.15 N 914 қаулысымен.
      14. Жастар практикасына қабылдаған жағдайда, жұмыс беруші жұмыссызбен Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасып, жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық шығарады және үш жұмыс күні ішінде бөлімге тапсырады.
      15. Егер келісім-шартта көзделген міндеттердің орындалуы бұзылған жағдайда жастар практикасын жұмыс берушінің ұсынысымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзылады. Бұзылған жағдайда үш жұмыс күні ішінде бөлімі жұмыс берушіге келісім-шарттың бұзылғаны жөнінде хабарлама беріледі.
      16. Еңбек шартының мерзімі аяқталған жағдайда, жұмыс беруші бөлімге хабарлауға немесе тұрақты жұмысқа қабылдаған жағдайда бұйрықтың көшірмесін беру қажет.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009.10.15 N 914 қаулысымен.

3. Жастар тәжірибесін қаржыландыру 

      17. Жастар практикасын өткізу бюджеттен "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" арқылы қаржыландырылады.
      18. Жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысын төлеу келісім-шартқа сәйкес бөлім арқылы бюджеттен бір қызметкерге орташа айлық 15 000 теңге көлемінде төленеді және 100 пайыз төленеді.
      19. Жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысы олардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы
14 мамырдағы N 827 қаулысымен
бекітілген 2-қосымша

Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жастар практикасынан өткізу ұйымдастырылатын мекемелер тізімі

р/с Мекемелер атауы
1 2

1

"Жалағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

2

"Жалағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

3

"Жалағаш кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

4

"Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

5

"Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

6

"Аламесек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

7

"Жаңадария ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

8

"Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

9

"Таң ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

"Мәдениет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

11

"Мырзабай ахун ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

12

"Мақпалкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

13

"Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

14

"Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

15

"Шаменов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

16

"Қаракеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

17

"Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

18

" N 123 Т.Жүргенов атындағы дарынды балалар мектебі" мемлекеттік мекемесі

19

"Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

20

"Жалағаш аудандық мәдени сауықтыру кешені" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

21

"Жалағаш аудандық мәдениет Үйлері мен клубтар" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

22

"Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі

23

"Жалағаш ауыз су" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

24

"Жалағаш аудандық N 1 балалар әуез мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

25

"Жалағаш аудандық оқушылар Үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

26

"Жалағаш аудандық мұрағаты" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

27

"Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жалағаш аудандық филиалы (келісім бойынша)

28

"Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

29

"Жалағаш аудандық білім бөлімінің "Арай" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

30

"Жалағаш аудандық білім бөлімінің "Жауқазын" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

31

" N 202 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі

32

" N 246 Ш.Ермаганбетова атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

33

" N 201 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі

34

" N 31 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі

35

"Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі

36

"Жалағаш аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

37

"Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

38

"Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі

39

"Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

40

"Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

41

"Жалағаш аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі

42

"Жалағаш аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

43

"Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

44

"Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

45

"Жалағаш аудандық соты" (келісім бойынша)

46

"Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

47

"Жалағаш аудандық орталық аурухана" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

48

"Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

49

"Жалағаш ауданаралық тері-жіңішке аурулары диспансері" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

50

"Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

51

"Жалағаш аудандық Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

52

"Жалағаш ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

53

"Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

54

"Жалағаш аудандық статистика бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады