Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй коммуналдық қызметінің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 15 қазанда N 10-6-128 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2010 жылғы 03 наурыздағы N 27-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2010.03.03 N 27-2 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының   97-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 5 бабы 3-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй коммуналдық қызметінің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XХ-сессиясының төрағасы                     Б. АМИТОВ

     Аудандық мәслихат хатшысы                    К. СҮЛЕЙМЕНОВ

2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-2
Жалағаш аудандық мәслихатының
       шешімімен бекітілген

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй коммуналдық
қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру
ҚАҒИДАСЫ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

      1. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй коммуналдық қызметтерді тұтыну жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтем.
      2. Тұрғын үй көмегі өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұлғаларға тұрғын үй коммуналдық қызметтерін тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу шығындары отбасының бюджетіндегі осы мақсаттарға жұмсалатын жол беруге болатын шекті шығындар үлесінен асып кететін жағдайда беріледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге арналған жол беруге болатын шекті шығындар үлесі отбасының жиынтық табысының 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      3. Тұрғын үй көмегі "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Уәкілетті орган) арқылы тағайындалып төленеді.
      4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Айдың 25 жұлдызынан кейін өтініш берген азаматтарға тұрғын үй көмегі келесі айдан бастап тағайындалады.
      5. Тұрғын үй көмегі Уәкілетті орган арқылы жергілікті бюджеттен осы мақсатқа бөлінген қаржының есебінен азаматтардың жеке есеп шоттарына атаулы ақшалай түрде аударылады. Тұрғын үй көмегінің мөлшері нақты есептелінген коммуналдық қызметтер төлем ақысынан артық болмауы қажет.
      6. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алушылардың тізіміне азаматтардың тұрғын үй көмегін алу мүмкіндігінің пайда болуына немесе жоғалтуына өзгерістер енгізіп тұрады.
      7. Тұрғын үй көмегі қызметіне жоғарғы немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін меншік иесінен / жалға алушыдан / тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған соммалар заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

2. ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН АЛУ ҚҰҚЫҒЫ

      8. Тұрғын үй көмегі ауданда тұратын тұрғын үйдің иесі /жалға алушы/ болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
      9. Тұрғын үй көмегі табыс көздері жоқ /жұмыссыздар/ және табыстарды коммуналдық қызметтерге кететін шығындар жиынтығы отбасы табысының 15 пайызынан асқан тұлғаларға беріледі.
      10. Отбасында 1, 2-топтағы мүгедектерді күтуді қажет етеді деп танылғандар, мүгедек балаларды күтумен немесе 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындар және стационарлық емделуде жатқан азаматтарды қоспағанда, жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін (өзін-өзі жұмыспен қамтымаған), күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген тұлғалары бар отбасылар және жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі /пәтерлері, үйлері/ бар немесе тұрғын үй жайды жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегімен қамтылмайды.

3. БЮДЖЕТТЕН ӨТЕЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ

      11. Электрмен жабдықтау.
      12. Сумен жабдықтау.
      13. Газбен жабдықтау.
      14. Жылумен (қатты отын) жабдықтау.
      15. Кәрізбен жабдықтау.
      16. Қоқыс әкету мен лифт қызметі.
      17. Қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтыну ақысы.

4. ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН ЕСЕПТЕУ

      18. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім тұрғын үй иесінің /жалға алушының/ өтініші, отбасының құрамы және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары мен отбасының жиынтық табысы негізінде қабылданады.
      19. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғамен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған табыстың барлық түрлерi есепке алынады:
      1) еңбек ақы түріндегі табыстар;
      2) кәсіпкерлік қызмет табыстары;
      3) азаматтардың өз еркімен көрсеткен өзге де табыстары;
      4) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері;
      мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
      қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге төленетін шәкіртақы;
      5) балаларға және асырауындағы жанға алынған алименттер;
      6) біржолғы денсаулық зақымын өтеуге алынған сомалар;
      7) ақшалай және заттай ұтыстар;
      8) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.
      20. Жұмыссыздық статусын дәлелдейтін Уәкілетті органның      анықтамасы бар тұлғалар салық органының анықтамасын және еңбек кітапшасының көшірмесін тапсырудан босатылады.

5. ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

      21. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім өтініш берілген күннен бастап 10 күн ішінде қабылданады.
      Тиісті шешім шығарғаннан кейін Уәкілетті орган бұл туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.
      Шиеленісті, даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселені шешу арнайы комиссияның қарауына енгізілуі мүмкін.

6. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІ.

      22. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
      Тұрғын үй коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептік-нормативтік шығындарды анықтау тиісті уәкілетті органдардың бақылауымен жүргізіледі.
      23. Тұрғын үй көмегінің дұрыс есептелуі мен тарифтерінің дұрыстығын бақылауды Уәкілетті орган жүзеге асырады.

7. ПАЙДАЛАНУ НОРМАЛАРЫ.

      24. Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған тұрғын үй көмегін есептеу жергілікті бюджеттің мүмкіншілігіне қарай төмендегі пайдалану нормалары:
      1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
      3 адамға дейін отбасы мүшелеріне – 100 кВт;
      3 адамнан жоғары отбасы мүшелеріне – 150 кВт.

      2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:
      3 адамға дейін отбасы мүшелеріне – 27 л;
      3 адамнан жоғары отбасы мүшелеріне –50 л.

      3) Ауыз су пайдалану нормасы 1 айға:
      1 адамға тиісті уәкілетті органның берген тарифі бойынша.

      4) Отын пайдалану нормасы:
      Қатты отын (көмір) пайдалану от жағатын мерзімде: қазан, қараша айларына 0,5 тонна, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларына 1 тонна, наурыз, сәуір айларына 0,5 тоннадан (бағасы көмір жіберушінің анықтамасымен).
      От жағу мерзімі 15 қазан -15 сәуір аралығы болып белгіленсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады