Жаңақорған ауданының "Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 160 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 30 қазанда N 10-7-81 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2011 жылғы 11 тамыздағы N 2-9/3185 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2011.08.11 N 2-9/3185 хатымен). 

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 12-(2) тармақшасына, 7 бабының 5 тармағына облыстық Мәслихаттың 2009 жылғы 26 маусымдағы N 162 шешіміне сәйкес аудандық
мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Жаңақорған ауданның "Құрметті азаматы" атағын беру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Жаңақорған ауданның "Құрметті азаматы" атағын белгілеу және оны беру тәртібін бекіту туралы Жаңақорған аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 16 тамыздағы N 160 шешімі және Жаңақорған ауданының "Құрметті азаматы" атағын белгілеу және оны беру тәртібін бекіту туралы"
Жаңақорған аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 16 тамыздағы N 160 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 28 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн
түзбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың кезекті
      ХVІІІ сессиясының төрағасы                   Б. ТОҚТЫБАЕВ

      Аудандық Мәслихат хатшысы                    С. ДҮЙСЕБЕКОВ

       Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
      25 қыркүйектегі кезекті ХVІІІ
сессиясының N 160 шешіміне
қосымша

      1. "Жаңақорған ауданының "Құрметті азаматы" атағын беру – қоғамдық өмірдің салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірген мемлекет және қоғам, ғылым, мәдениет және әдебиет, өнер қайраткерлерін еліміздің, ауданның игілікті жолындағы көп жылғы қызметін мадақтаудың бір түрі болып табылады.
      2. Жаңақорған ауданының "Құрметті азаматы" атағы "Бұдан әрі- атақ" Қазақстан Республикасының ауданның экономикалық-әлеуметтік,
мәдени рухани өнер, ғылым салаларының дамуына қайырымдылық жасау қызметінде үлгі көрсетіп, азаматтармен жастарды Қазақстандық Патриотизм Рухында тәрбиелеуге, бейбітшілікпен достықты ұлт аралық келісіммен татулықты нығайтуға қосқан қомақы үлесімен ерекше жетістіктері үшін аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық
мәслихатының шешімімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жылына 1 рет беріледі.
      3. Атақ аудан аумағында тұрмайтын азаматтарға да берілуі мүмкін.
      4. Құрметті атаққа ие болған адамға куәлік, төсбелгі беріледі және оның есімі аудандық тарихи өлкетану мұражайында сақталатын "ауданның Құрметті азаматтары" кітабына енгізіледі.
      5. Куәлікті, төс белгіні, ауданның "Құрметті азаматтары" кітабын жобалау және жасап шығару аудан әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясына жүктеледі.
      6. Атаққа кандидатураларды меншік нысанына қарамастан тиісті орган, мекеме, кәсіпорын, ұйым, бірлестік, серіктестер ұсына алады. Келген ұсынымдар аудан әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясының қарауына жолданады.
      7. Аудан әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясының қарауына атаққа ұсынылған кандидатураға мінездеме беріледі. Онда өндірістік, шығармашылық, қайырымдылық жұмыстардағы нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігімен сапасы туралы мәліметтер, наградалары көрсетіледі.
      8. Атаққа ұсынылған кандидатураларға ұсыныспен мінездеме, 3х4 6х9 көлемдегі 2 сурет алдын-ала қарау үшін аудан әкімінің жанындағы комиссияға тапсырылады. Аудан әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясының қорытындысын ескере отырып, ол аудан әкімі кандидатураны аудандық мәслихатқа ұсынылады куәлікті және төс белгіні аудан әкімі, аудандық мәслихаттың хатшысы салтанатты жағдайда
бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен тапсырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады