Мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициеттер мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы N 297 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 14 шілдеде N 10-8-94 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдедегі N 310 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.07.25 N 310 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 333 /Мем. тіркеу N 4221.08.04.2009 ж./ "Мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы" қаулысы мен "Аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру Ережелерін бекіту туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 415 қаулысына сәйкес Сырдария ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Сырдария ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 05 наурыздағы N 144 "Мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған аудандық коммуналдық меншігіндегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі 2008 жылғы жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Тәуіпбаев

2009 жылғы 17 маусымдағы
N 297 аудан әкімдігінің
қаулысына қосымша

Мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған ауданның коммуналдық меншігіндегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен
қолданылатын коэффициенттер мөлшері       
 Бір жылға 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі 1,5 айлық есептік көрсеткіш АЕК)

N Коэффициенттер түрі Коэффициент мөлшері
1

Құрылыстың тұрпатын ескеретін коэффициент (Ктұр):


кеңселік

1,0

өндірістік

0,8

қоймалық, буқазандық

0,6

басқалар үшін

0,9
2

Тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент (Ктүр):


бөлек тұрған

1,0

кіріктірме – жапсарлас бөлігі

0,9

цокольдік (жартылай өжіре) бөлігі

0,8

өжіре бөлігі

0,7
3

Жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент (Кж):


барлық-инженерлік-техникалық коммуникациямен жабдықталған жай үшін коммуникацияның қандай бір түрі жоқ болған жағдайда әрбір түрі үшін 0,1 азаяды

1,0
4

Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Ка):


Сырдария ауданы орталығы үшін

1,5

аудан орталығының шет аймағы үшін

0,8

аудан орталығы емес ауылдар үшін

1,0
5

Жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кқ)


банктердің, "Казпошта" акционерлік қоғамы үшін есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін

2,0

делдалдық іс-қимыл және кедендік қызметтер, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық және адвокаттық кеңселер үшін

3,0

қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақ үйі қызметтерін ұйымдастыру үшін

2,5

Мына салаларда қызмет ұйымдастыру үшін:

жоғары білім беру
орта білім беру
мектепке дейінгі білім беру


1,1
0,9
0,8

орта және арнайы білім беру орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде және мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында тамақтандыру қызметін ұйымдастыру үшін

0,9

басқалар үшін

1,0
6

Жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Кұқ):


мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін

1,3

сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда өндірістік іс-қимыл ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамытуға шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін

1,2

дара кәсіпкерлер үшін

1,1

акцияларының (қатысу үлестері) елу және одан астам пайызы немесе бақылау пакеті мемлекетке тиесілі және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан 90 пайыздан кем емес табыс түсіретін акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін

0,8

мемлекеттік кәсіпорындар үшін

0,7

республикалық мемлекеттік мекемелер, қайырымдылық, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5

      Ескертпе:
      1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын үй емес қордың объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жылдық жалдау ақысын есептеу төмендегідей жүзеге асырылады:
      Жа =Еа х А х Ктұр х К түр х Кж х Ка х Кқ х Кұқ
      Бұл жерде:
      Жа – жалға алынған алаңның жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі;
      Еа – 1 шаршы метрге жылдық жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі, теңгемен;
      А – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Ктұр – жайдың тұрпатын ескеретін коэффициент;
      Ктүр - тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кж - жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент;
      Ка - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Кқ - жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Кұқ - жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.

      2. Жабдықтар және автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жалдау ақысы мына формула бойынша есептеледі:
      Жа=Ққ х Nam / 100 х Кт
      Бұл жерде:
      Жа – жабдықтар және көлік құралдарына жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Ққ – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
      Есептелген тозуы 100 пайыз болған жабдықтар және көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде, оларың қалдық құны алғашқы құнынан (қалпына келтірілген) 10 пайыз мөлшерде алынады;
      Nam – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кт – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдарының тозу құны алпыс пайыздан асқан кезде – 0,8 мөлшерде, сауда – сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда, өндірістік қызмет және халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген кезде – 0,5).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады