Нысаналы топтарға қосымша тізбе бекіту туралы

Күшін жойған

Бейнеу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 93 қаулысы. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 шілдеде № 11-3-80 тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 117 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 21.06.2016 № 117 қаулысымен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңының 5 - бабының 2 - тармағына сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бейнеу ауданы бойынша еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңындағы нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы
Қ.Әбілшеев

      

  Аудандық әкімдіктің
2009 жылғы 24 маусымдағы
№ 93 қаулысымен бекітілген қосымша

      Бейнеу ауданы бойынша еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңындағы нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі:
      отбасында бірде бір жұмыс жасайтын адамы жоқ жанұя мүшелері;
      кәмелеттік жасқа толмаған (бір, екі, үш) бала тәрбиелеп отырған жалғызілікті ата-аналар;
      кәмелеттік жасқа толмаған (бір, екі, үш) бала тәрбиелеп отырған асыраушысынан айырылған ата - аналар;
      баспанасыз адамдар;
      екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздар;
      құжаттарын тапсырған сәтте Қазақстан Республикасына шет елдерден тұрақты тұруға көшіп келген уақыты үш жыл мерзімінен аспайтын азаматтар;
      кәсіптік лицейлерді және колледждерді, бастауыш кәсіптік және арнаулы кәсіптік орта оқу орындарын бітірген 24 жасқа дейінгі жастар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады