Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі туралы және тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 54 қаулысы. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 наурызда № 11-4-80 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 26.01.2016 № 8 қаулысымен (қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергіліңкті мемлекеттік басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі (№ 1 қосымшаға) және тізбесі (№ 2 қосымшаға) бекітілсін.
      2. Жұмыс берушілер халықтың бекітілген нысаналы топтарын жұмыспен қамтамасыз етуге ұсынылсын.
      3.Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.
      4.Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Ч.Абилов

      Келісілді:
      Аудан әкімінің орынбасары
      Г.Сүйеуова
      27 ақпан 2009ж
      (қолы)

      Аппарат басшысы
      С.Мұқанов
      27 ақпан 2009ж
      (қолы)

      Әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық
      бөлімінің жетекшісі
      С.Молжігітов
      27 ақпан 2009ж
      (қолы)

      Қарақия аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы
      Е.Бегниязов
      27 ақпан 2009ж

  Қарақия ауданының әкімдігінің
27 ақпан 2009 жылы
№ 54 қаулысына N 1 қосымша

Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ

      Осы тәртіп Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына сәйкес халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін белгілейді.

1.Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шарты

      1.Әлеуметтік жұмыс орнын Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер ұйымдастырылады және республикалық бюджет пен жұмыс берушілердің қаражатынан қаржыландырылады.
      Ескерту: 1 тармаққа өзгертулер енгізілді - Қарақия ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 маусымдағы № 156 қаулысымен.
      2.Қарақия ауданы әкімдігі жыл сайын ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелердің тізімін, жолданатын жұмыссыздардың санын, жұмыстың түрлерін, көлемін, жұмыс мерзімін, қаржыландыру көздерін айқындайды.
      3.Уәкілетті орган бекітілген тізім бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілермен шарт жасайды.
      4.Әлеуметтік жұмыс орны уақытша орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және нысаналы топтарға әдейі арналады, жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

2.Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және бақылау

      5.Жұмыссыздардың еңбекақысы заңмен белгіленген ең төменгі бір айлық жалақы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен, республикалық бюджеттен және жұмыс берушінің қаражатынан қосымша ақымен өтеледі.
      Ескерту: 5 тармаққа өзгертулер енгізілді - Қарақия ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 маусымдағы № 156 қаулысымен.
      6.<*>
      Ескерту: 6 тармақ алынып тасталды - Қарақия ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 маусымдағы № 156 қаулысымен.
      7.Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібінің орындалысын бақылау уәкілетті органға жүктеледі.

  Қарақия ауданының әкімдігінің
27 ақпан 2009 жылы
№ 54 қаулысына № 2 қосымша

2009 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесі және шығын мөлшері

Р/с
Мекемелер- мен кәсіпорын- дардың атауы
Жібері-летін
жұмыс- сыздар саны
Жұмыс түрлері
Жұмыс мерзі-мі
Жергіліктібюджеттен
төленетін ең төменгі еңбек ақының мөлшері,
тенге
6 айға шығын мөлше-рі, теңге
Жұмыс көле-мі
1
"Тұрмыс- Сервис" МКК
20
Мекен- дердің аймағын тазалау,көгал- дандыру.
12 ай
13470
3232800
Келі-сімге сай
2
"Мұнайшы- Сервис" МКК
60
Мекен- дердің аймағын тазалау,көгал- дандыру.
12 ай
13470
9698400
Келі-сімге сай
 
Барлығы:
80
 
 
13470
12931200
 

  Қарақия ауданының әкімдігінің
27 ақпан 2009 жылғы № 54 қаулысына
№ 3 қосымша

      Ескерту: 3 қосымшамен толықтырылды - Қарақия ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 маусымдағы № 156 қаулысымен.

2009 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін және шығын мөлшері

Р/с
Мекемелер мен кәсіпорындардың атауы
Жіберіле-тін жұмыссыз-дар саны
Жұмыс түрлері
Жұмыс мерзі-мі
Республика- лық және жергілікті бюджеттен төленетін еңбек ақының мөлшері, көлемінде (тенге)
Жұмыс көлемі
1
ЖШС "Сенек"
80
Мекендер-дің аймағын тазалау, көгалдан-дыру
6 ай
-
Келі- сімге сай
2
МКК "Тұрмыс-Сервис"
60
 
6 ай
-
Келі- сімге сай
3
МКК "Мұнайшы-Сервис"
158
 
6 ай
-
Келі- сімге сай
4
Барлығы:
298
 
6 ай
-
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады