2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту үшін кәсіпорын, мекемелер мен ұйымдарға жұмыс орнын белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық әкімиятының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 52 қаулысы. Маңғыстау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда N 11-5-73 тіркелді

      Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, “Халықты жұмыспен қамту туралы ” заңдарын басшылыққа алып, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту үшін кәсіпорын, мекемелер мен ұйымдарға қосымшаға сәйкес жұмыс орны бекітілсін.

      2. Кәсіпорын, мекемелер мен ұйымдар басшыларына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жіберілген нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі    Ж.Албытов

      КЕЛІСІЛДІ:
      С.Қайымова
      аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
      бастығы
      «_____»_________2009 ж.
      _____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады