Халықтың жұмыспен қамтылуына ықпалдасудың қосымша шаралары туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 196 қаулысы. Түпқараған ауланының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 маусымда № 11-6-94 тіркелді. Күші жойылды - Түпқараған аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 02 шілдедегі № 463 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түпқараған аудандық әкімдігінің 2012.07.02 № 463 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы мен 7 бабы 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс - шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (бұдан әрі - Уәкілетті орган) (Д.Шүкірбаева) кәсіпорындар мен ұйымдарда бастапқы, орта, жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастармен «Жастар іс - тәжірибесі» ұйымдастырылсын.

      2. Жастардың іс - тәжірибесі меншік түріне қарамастан, кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда (бұдан әрі-жұмыс беруші) ұйымдастырылсын және өткізілсін.

      3. Уәкілетті орган Жастардың іс - тәжірибесіне қатысу үшін оқу орнын бітіруші жұмыссыз жастарды іріктесін және іріктеуде төмендегідей өлшемдер ескерілсін:
      1) жасы 29 жасқа жетпеген (қоса есептегенде);
      2) кәсіби білімі;
      3) іріктеу кезінде оған сай келетін жұмыстың болмауы.

      4. Уәкілетті орган Жұмыс берушімен келісім-шарт негізінде әрекет етсін. Келісім шартта жақтардың міндеттемелері, жұмыс түрлері, жолданатын жастардың саны, еңбегіне ақы төлеу шарттары, мерзімі белгіленсін.

      5. Жастар іс - тәжірибесі 002 «Еңбекпен қамту» бағдарламасының 103 «Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдардарламасын кеңейту» бойынша республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылсын.

      6. 2009 жылға арналған жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыратын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесі мен еңбекақы мөлшері бекітілсін. (Қосымша № 1).

      7. Қоса беріліп отырған Түпқараған ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі бекітілсін (Қосымша № 2).

      8. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.

      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             С. Трұмов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      О.Б. Жарылғапова
      Г.Н. Демеуова

      С.Қ. Қани
      Аудандық экономика және қаржы
      бөлімінің бастығы
      06 мамыр 2009 жыл

      Д.С. Шүкірбаева
      Аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
      06 мамыр 2009 жыл

Түпқараған ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 6 мамырдағы
№ 196 қаулысына 1 қосымша

2009 жылға арналған жастар іс - тәжірибесін ұйымдастыратын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесі мен еңбекақы мөлшері

Кәсіпорындар атауы

Жұмыс түрлері және көлемі

Жұмыс мерзімі

Еңбекақы мөлшері

1

«Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

2

«Таушық селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

3


«Қызылөзен селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

4

«Ақшұқыр селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

5

«Баутин поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

6

«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

7

«Түпқараған аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

8

«Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

9

«Түпқараған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

10

«Түпқараған аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

11

Маңғыстау облысының халыққа қызмет көрсету орталығының Түпқараған ауданы бойынша филиалы

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

12

«Ж.Мыңбаев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

13

«Шахта орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

14

«З. Баймырзаев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

15

«М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

16

«Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

17

«Айгул» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

18

«Ақбота» бала бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

19

«Таушық ауылшаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

20

Жеке кәсіпкер А.Медиманованың «Өркен» тігін шеберханасы

Келісім-шартқа сәйкес

Келісім-шартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

21

«Ақшұқыргаз сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Келісімшартқа сәйкес

Келісімшартқа сәйкес

15 000 (он бес мың) теңге

Түпқараған ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 06 мамырдағы
№ 196 қаулысына 2 қосымша

Түпқараған ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      Түпқараған ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі (бұдан әрі-Тәртіп) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 4 тармағына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарын құру арқылы уақытша жұмыспен қамту мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Бұл Тәртіпте қолданылатын негізгі ұғымдар:
      әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
      нысаналы топтар – жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде заңмен және жергілікті атқарушы органмен белгіленген адамдар.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – уәкілетті орган) нысаналы топтардағы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құруға және олардың жұмысқа орналасуына ықпал ететін уәкілетті орган болып табылады.
      3. Түпқараған ауданының әкімдігі жыл сайын әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің тізімін, жолданатын жұмыссыздар санын, жасалатын жұмыс түрлерін, көлемін, мерзімін, қаржыландыру көздерін айқындайды.
      4. Құрылған әлеуметтік жұмыс орындары республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және аудандық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      5. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынатын жұмыс берушілер өздерінің сұраныстарын уәкілетті органға жолдайды.
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде қаржылық - экономикалық жағынан тұрақты, болашақта әрі қарай өндірісін дамыту, кеңейту және тартылған жұмыссыздарға жеке қабілеті, мамандығы және жұмыс өтілі бойынша тұрақты жұмыс орнын құру мүмкіндігі бар кәсіпорындар мен ұйымдар (меншік нысанына қарамастан) басымдыққа ие болады.
      7. Халықтың нысаналы топтарына арнап әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер уақытша жұмыс орындарын құруға, жұмыс орындарының санын шектемеуге, оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбауға және жұмысты уақытша сипатта ұйымдастыруға тиіс.
      8. Уәкілетті орган мен іріктелген жұмыс берушілер арасында халықтың нысаналы топтарына арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы келісім-шарт жасақталады. Шартта құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны, жұмыс түрлері көлемі, еңбекақы мөлшері мен төлеу шарттары, мерзімі, тараптардың міндеттері, қаржыландыру көздері белгіленеді.
      9. Келісім - шарт негізінде уәкілетті орган құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жолдамалармен жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарды жіберуді қамтамасыз етеді.
      10. Жұмыс беруші уәкілетті орган жолдаған азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады және оның көшірмесін, жолдама түбіртегімен бірге уәкілетті органға жолдайды.
      11. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орнына жолданған азаматқа нақты жұмыс атқарған уақыты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінде жалақысын ай сайын оның есеп шотына аударады.
      12. Жұмыс беруші уәкілетті органмен жасақталған келісім шарт негізінде әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматқа қосымша еңбекақы белгілей алады.
      13. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру кезінде жіберілген заң бұзушылықтар үшін жұмыс берушілер мен уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сай жауапкершілік тартады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады