Аудан әкімдігінің "Аудан әкімдігіне қарасты посселолардың мал басы туралы мәліметтер беру және қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру стандартын бекіту туралы" 10 шілде 2008 жылғы № 326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 шілдедегі № 227 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Түпқараған ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 тамызда № 11-6-98 тіркелді. Күші жойылды - Түпқараған аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 02 шілдедегі № 463 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түпқараған аудандық әкімдігінің 2012.07.02 № 463 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 331 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және аудан әкімдігінің 25 ақпан 2009 жылғы № 85 «Түпқараған ауданы әкімдігінің құрылымы туралы» қаулыларын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің «Аудан әкімдігіне қарасты посселолардың мал басы туралы мәліметтер беру және қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру стандартын бекіту туралы» 10 шілде 2008 жылғы № 326 қаулысына (аудандық әділет басқармасында 10 тамыз 2008 жылы № 11-6-64 болып тіркелген, «Ақкетік арайы газетінің» 2008 жылғы 9 қыркүйектегі № 43, 16 қыркүйектегі № 44 сандарында жарияланған) төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулыдан «мал басы туралы анықтама беру және» сөздері және 1 қосымша алынып тасталсын;
      қаулы және 2 қосымша тақырыбы мен мәтіндеріндегі "Қосалқы" деген сөздің алдынан "Жеке" деген сөзбен толықтырылсын;

      2. Осы қаулының орындалысы аудан әкімінің орынбасары Д.О.Меңдіхановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                             С.Ө.Трұмов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Д.О.Меңдіханов

      Қ.Серікбаев
      Таушық селосы әкімі
      07 шілде 2009 жыл
      А.Нұғыманов
      Ақшұқыр селосы әкімі
      07 шілде 2009 жыл
      Ө.Ермекбаев
      Қызылөзен селосы әкімі
      07 шілде 2009 жыл
      Г.Шолтаманова
      Баутино поселкесі әкімінің м.а
      7 шілде 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады