Атамекен селолық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы

Күшін жойған

Мұнайлы ауданы мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы № 15/163 шешімі. Мұнайлы ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 маусымда № 11-7-47 тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 3/38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 11.07.2016 № 3/38 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 8, 11 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атамекен ауылдык округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері №№1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармағында "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын- Мұнайлы аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 27/278(жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Н. Кенджикараев
Аудандық мәслихат хатшысы
Б. Назар

      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Мұнайлы аудандық жер
      қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының м.а.
      С. Тұрмағамбетов.
      "____"______________ 2009 жыл.

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/163 шешіміне 1 қосымша

      Ескерту: 1 қосымша қағаз нұсқада.

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/163 шешіміне 2 қосымша

      Ескерту. тақырыбында "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын- Мұнайлы аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 27/278(жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және Атамекен ауылдық округі жер аймақтарының сипаттамасы

Аймақтар №№
Аймаққа енетін аумақтар
Бағалық аймақ бойынша коэффициенттер
1
Өнеркәсіптік аймақ
2,0
2
Қоғамдық- іскерлік және тұрғын аймақ.
1,8
3
Резервтегі аймақ (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)
1,6

      Аймақтардың сипаты
      1-ші аймақ - Өнеркәсіптік аймақ
      2-ші аймақ - Қоғамдық- іскерлік аймақ, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енеді. Бұл жердегі негізгі әкімшілік ғимараттар, емхана, ұсақ дүкендер желісі, базар, мейрамхана, сөйлесу пункті шоғырланған.
      3-ші аймақ - Резервтегі аймақ. (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады