Әкімдіктің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 357 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 650 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 шілдеде № 9-2-138 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 ақпандағы № 182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 14.02.2012 № 182 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 357 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-132, 2009 жылғы 15 мамырда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) қаулысына мына өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта:
      1-тармақшаның үшінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік көмекті беру немесе одан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық консультациялық-кеңесші ведомствоаралық комиссиясының ұсынысы негізінде қабылданады."
      8-тармақшада "комиссияның" сөзі "уәкілетті органның" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады