"Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қазандағы № 172 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қазанда № 9-6-100 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 45 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 9-6-89 болып тіркеліп, "Аманкелді арайы" газетінің 2009 жылғы 17 сәуірінде жарияланған; бұрын аудан әкімдігінің 2009 жылғы 9 маусымдағы № 108 "Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" № 45 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 9-6-98 болып тіркеліп, "Аманкелді арайы" газетінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 30 санында жарияланған" қаулысымен толықтырулар енгізілетін болған), қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулының қосымшасындағы 15 тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады