Денисов ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданың мәслихатының 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 112 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 ақпанда № 9-8-120 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 235 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.09.09 № 235 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 21 қантардағы № 24 "Денисов ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бекіту туралы" қаулысын қарап мәслихат ШЕШТІ:

      1. "Денисов ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бекіту туралы" бекітілсін (қосымша беріледі).

      2. Мәслихаттың 2006 жылғы 12 шілдедегі № 41 "Денисов ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бекіту туралы" (2006 жылдың 31 шілдесіндегі № 9-8-46 Реестірінің мемлекеттік тіркеуіндегі нормативтік құқықтық актілерінде, 2006 жылдың 18 тамыздағы № 34 "Наше время" газеті) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының
      тоғызыншы сессиясының төрағасы             М. Суербасов

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Тойбағоров

      
Мәслихаттың       
2009 жылдың 21 қантардағы 
№ 112 шешімімен бекітілген 

Денисов ауданы аумағында иттер
мен мысықтарды ұстау ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

      1. Денисов ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстаудың осы Ережелер (әрі қарай-Ереже) Денисов ауданы аумағында иттер мен мысықтардың ұстауын регламенттеу мақсатымен әзірленген.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 30.10.2009 № 161 (қолданысқа енгізілу тәртібін т.2 қараңыз) шешімімен.

      2. Ереже, меншік нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын жеке және заңды тұлғаларға бірдей таратылады. Ережеге қызметтік иттерді ұстайтын құқық қорғау органдардың мекемелері жатпайды.

      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзірленген.

      4. Осы Ережені ұстауға бақылау Қазақстан Республикасы ішкі істер бөлімі Министрлігі Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің "Денисов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – ішкі істер бөлімі) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 311 бабына сәйкес жүргізеді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 30.10.2009 № 161 (қолданысқа енгізілу тәртібін т.2 қараңыз) шешімімен.

2. Жануарларды ұстау тәртібі

      5. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелеріне санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерін сақтау керек.

      6. Көпқабатты үйлердің қоғамдық орындарында (баспалдақ торларында, жер қабаттарында, дәліздерде) сонымен қатар балкондарда және лоджияларда иттерді ұстауға тыйым салынады.

      7. Жеке үй иелеріне иттерді ұстау олардың қашып кетпеуін және екеүйдің шекарасында ұстауды қадағалау. Үй ауласына кіреберісінде, дарбазада иттер бар екендігі туралы белгі болуы тиіс.

      8. Көшеде, аулада, қоғамдық орындарда иесіз, бос жүрген иттер белгіленген тәртіпті және сақтану ережесін сақтай отырып ауланады.

      9. Иттер мен мысықтар жеке ветеринарлық паспорттар беру жолымен бірдейлендіріледі.

3. Жануарлар иелерінің міндеттері

      10. Иттер мен мысықтардың иелері заңды мәртебесіне және меншік нысанына қарамастан:
      1) иттер мен мысықтардың ұстауын негізгі Ереженің талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді;
      2) қоршағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық ережелерін сақтау үшін қажетті шараларды қолдайды;
      3) иттер мен мысықтарды қыдыртқанда пайда болған жалпыға ортақ қолданылатын және басқа да ластанған қоғамдық орындарды тазартады;
      4) жануарды егу, қарау және ұстауға байланысты шығындарын осыларды жүзеге асырған органдарың барлық шығындарын өтейді;
      5) жануарлармен тістелген соңымен қатар жануарлардың қапыда жұт болған барлық жағдайлар жөнінде селолық округтің ветеринарлық инспекторын немесе ветеринарлық қадағалау бөлімін және денсаулық сақтау органдарын хабарландырады; ауруға күмән болған жағдайда, ветеринарлық қызметінің мамандары келгенше, жануарды жеке ұстау, немесе жануарды қоғамдық көлікті қолданбай мал дәрігеріне жеткізуі тиіс;
      6) құлаған жануарлардың өлекселері мал қорымдарында өртеуге, немесе өлексе жағатын пештерде өртеуге міндетті.
      7) ветеринарлық қызметкерлерге жануарларды диагностикалық зерттеу және вакцинация мен дегельминтизацияны өткізу үшін олардың талабы бойынша береді;

      11. Жануарлардың құтыру ауруға шалыққан күдікті фактісі анықталған жағдайда, осы инфекцияға қарсы бұрын идентификация және иммунизация процедураларын өтпегенде-оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алына және жойылады.

      12. Жануарларды қыдырта жүріп, олардың иелері мына ережелерді ұстану керек:
      1) иттерді аулада, балалар алаңдарында, мектеп аулаларында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде қыдыртуға болмайды. Қыдыратын орынға жеткенше иттер мен мысықтардың қалдырған (табиғи шығарылымдарын) ластауларын тазартуға;
      2) иттерді арнайы бекітілген, қоршалған жерлерде қыдырту керек, егер осындай жерлер болмаса, иттердің қыдыртуын құла далада жүзеге асыру;
      3) адамдар көп шоғырланатын жерлерде, қоғамдық көліктерде және қоғамдық орындарда иттерді қысқа жіппен және мұрынға киетін құралмен шығару керек. Адам аз жерлерде иттерді ұзын жіппен және мұрынға киетін құралмен қыдыртуға рұқсат етіледі. Қоршалған жерлерде және алыс жерлерде, адамдар жоқ кезде иттерді бос және мұрынға киетін құралды шешпей жіберу рұқсат етіледі;
      4) иттерді түнгі уақытта қыдыртқан кезде олардың иелері тыныштықты сақтау шараларын қамтамасыз етеді;

      13. алынып тасталды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 30.10.2009 № 161 (қолданысқа енгізілу тәртібін т.2 қараңыз) шешімімен.

      Осы санаттағы әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде істерді ішкі істер бөлімі жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады