Әкімдіктің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 35 "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 шілдедегі № 135 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 тамызда № 9-8-129 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 316 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 316 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабы 3 тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына негізінде әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 6 ақпандағы № 35 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-121 болып тіркелген, "Наше время" газетінің 2009 жылғы 3 сәуірде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 тармағының 8) тармақшасы жойылсын;
      3 тармағының 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "6) Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқуға байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек білім берудің орталық атқарушы органымен жыл сайын кешендік тестілеуден белгіленген минималдық санынан төмен емес балл жинаған, немесе бітіру емтихандарды үздік тапсырған (орта арнаулы оқу орындарына түсетіндерге) және мемлекеттік білім гранттар ала алмаған жалпы орта білім беру мекемелерінің бітірушілеріне тағайындалады және беріледі:
      аз қамтылған отбасыларынан;
      ата-аналары қамқорлығысыз қалған, оның ішінде жетім-балалар;
      көп балалы отбасыларынан ( төрт және оданда көп, бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар бар болса);
      бала кезеңінен мүгедек және 1,2,3 топтардағы мүгедектерге, мүгедек балаларға;
      3 тармағының 9) тармақшасы жойылсын;
      4 тармақ 9) тармақшасымен толықтырылсын:
      "9) осы қаулының 3 тармағы 6) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға Ұлттық бірыңғай тестілеудің сертификат көшірмесі және (немесе) орта білімі туралы куәлік".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Мұратбеков

      КЕЛІСІЛДІ

      "Денисов ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Д. Мұсылманқұлова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады