Әкімдіктің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 10 "2009 жылға халықтың нысаналы топтар тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 шілдедегі № 141 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 тамызда № 9-8-130 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 316 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 316 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2-тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Әкімдіктің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 10 "2009 жылға халықтың нысаналы топтар тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-116 болып тіркелген, "Наше время" газетінің 2009 жылғы 13 наурызда жарияланған) қаулысымен бекітілген жұмыспен қамтуды қолдау үшін нысаналы топтарға кіретін тұлғалар тізбесі 15, 16, 17, 18, 19 тармақтармен толықтырылсын:
      "15. Алынған мамандық бойынша стажы және тәжірибесі болмаған жұмыссыз жастар;
      16. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      17. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына байланысты не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына,қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
      18. Толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылғандар;
      19. Жалғыз басты аналар".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Мұратбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________________ Д. Мұсылманқұлова
      2009.07.07. ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады