"2009 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарына белгілеу туралы" 2009 жылғы 25 наурыздағы № 165 әкімдік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 651 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қазанда № 9-10-127 тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарын белгілеу туралы" 2009 жылғы 25 наурыздағы № 165 әкімдік қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-115 нөмірімен тіркелген, "Житикаринские новости" газетінде 2009 жылғы 22 мамырда жарияланған, бұрын "2009 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарын анықтау туралы" 2009 жылғы 25 наурыздағы № 165 әкімдік қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 3 тамыздағы № 486 әкімдік қаулысымен толықтыру енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-126 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 39 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшасының 15 тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:
      "15. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады".
      2. Әкімдіктің осы қаулысы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі                  Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Жітіқара ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________________ И. Григорьева
      2009.02.10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады