Победа ауылдық округі елді мекендерінің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қарабалық ауданың Победин ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Қарабалық ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 наурызда № 9-12-105 тіркелді

      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылдық округі әкімінің 23.06.2014 № 1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын 35-бабының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылым туралы" Заңы 14-бабы 4-тармағының негізінде, Победа ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Победа ауылдық округі елді мекендерінің құрама бөліктерінің атаулары қосымшаға сәйкес берілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі                    Т. Рыженко

      
Ауылдық округі әкімінің
2009 жылғы 30 қаңтардағы
№ 1 шешіміне қосымша   

Победа ауылдық округінің елді мекендерінің
құрама бөлімдер атауы

      1. Победа ауылы:
      1) Бұлақ көшесі.
      2) Речной көшесі.
      3) Степной көшесі.
      4) Первоцелинниктар көшесі.
      5) Придорожный көшесі.
      6) Оңтүстік көшесі.

      2. Мағнай ауылы:
      1) Бірлік көшесі.
      2) Валеев көшесі.
      3) С. Қожамкұлов көшесі.
      4) Абай көшесі.

      3. Жамбыл ауылы:
      1) Студенттер көшесі.
      2) Киев көшесі.
      3) Жастар көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады