"Қарасу ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қарасу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 100 шешімін іске асыру туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 53 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 164 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 қыркүйекте № 9-13-94 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 242-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қарасу ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қарасу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 100 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9-13-73 болып тіркелді) сәйкес және "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарасу ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Қарасу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 100 шешімін іске асыру туралы" әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9-13-81 болып тіркелді, "Қарасу өңірі" газетінде 2009 жылғы 15 сәуірде жарияланды) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) Қарасу ауданының аумағында тұратын және Қазақстан Республикасының оқу орындарында техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін мемлекеттік білім гранттарының иегерлері, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі немесе жоғары білім алуға, сондай-ақ, екінші техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төлемдердің өзге де түрлерін алушылары болып табылатын мүгедектерді қоспағанда тиісті білім беру ұйымдарында оқытудың нақты құнының 100 % мөлшерінде әлеуметтік көмек (бұдан әрі – оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек)".
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 6) - 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) оны алуға мүгедектердің, соның ішінде балалар-мүгедектердің (бұдан әрі – мүгедектер) құқығын растайтын тиісті құжаттар мен жеке өтініш берген күнінен тағайындалады және мүгедек әлеуметтік көмекке өтініш жасаған оқу жылына біржолға төленеді;
      6-1) мүгедектің әлеуметтік көмекті мақсатты пайдаланбауы екінші қайтара өтініш жасағанда, әлеуметтік көмек сұрағанға дейін мүгедек оқығаны үшін өзінің жеке қаражаты есебінен толық көлемде төлеген жағдайды қоспағанда, әлеуметтік көмек алу құқығынан айыруға әкеліп соғады. Егер мүгедек әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш бергенге дейін оқығаны үшін өзінің жеке қаражаты есебінен ішінара төлем жасаса, мүгедек әлеуметтік көмек алғаннан кейін оқудың толық құнына жетпейтін әлеуметтік көмектің бөлігін мақсатты пайдаланады;
      6-2) әлеуметтік көмек төлеу мүгедектігі алынып тасталған, тиісті оқу орнынан шығып қалған, немесе қайтыс болған жағдайларда тоқтатылады.".
      2. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі                     Қ. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарасу ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушысы
      ___________________ А. Ерменова
      2009.07.27 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады