Үгіт материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № 407 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 қыркүйекте № 9-14-114 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 380 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 08.07.2015 № 380 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес шыққанның орнына аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерге арналған үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін Қостанай ауданының аумағында Қостанай аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп орындар анықталсын.
      2. Жамбыл, Майкөл, Шишкин селолық округтерінің, Озерный селосының әкімдері учаскелік сайлау комиссияларымен бірлескен түрде үгіт баспа материалдарын орналастыру орындарын стендтермен, қалқаншалармен, тумбалармен жабдықтасын.
      3. Үгіт баспа материалдарды ескерткіштерде, обелискілерде, тарихи, мәдени немесе сәулет құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беру бөлмелерде ілуге болмайды.
      4. Үгіт баспа материалдардың орналасуы барлық үміткерлерге тең құқық қамтамасыз ететін жағдайда жүзеге асырылсын.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Г. Тюркин

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     М. Жусупов

Аудан әкімдігінің     
2009 жылғы 7 қыркүйектегі 
№ 407 қаулысына қосымша  

Шыққан депутаттың орнына
аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер үшін
үгіт баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Жамбыл селолық округі 

      Алтын дала селосындағы клуб ғимаратының жанында

Майкөл селолық округі 

      Шеминовка селосындағы "Шеминовка" жауапкершілігі шектеулі
      серіктестігінің контор ғимаратының жанында

Озерное селосы 

      Озерное селосындағы әкім аппараты ғимаратының, Мәдениет үйінің
      жанында

Шишкин селолық округі 

      Суриковка селосындағы мектеп ғимаратының жанында
      Шишкинка селосындағы мектеп ғимаратының жанында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады