2009 жылғы ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2009 жылғы 28 шілдедегі № 197 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 тамызда № 9-18-95 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары Ережесінің 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2009 жылғы ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорттың мамандарына жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Он жетінші, кезекті
      сессиясының төрағасы                       О. Шкуратов

      Аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Ж. Шинкин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Таран ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ В. Пирог
      2009.07.28 ж.

      "Таран ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ В. Ересько
      2009.07.28 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады