Павлодар қаласының аумағында көшпелі сауда жүргізуге арналған орындарды бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы N 734/10 қаулысы. Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 маусымда N 12-1-139 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 9 тамыздағы N 1297/25 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2010.08.09 N 1297/25 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4)–тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 827-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі "Ішкі сауда Ережелерін бекіту туралы" N 371 қаулысына , Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 6 наурыздағы "Павлодар қаласының аумағын салу, көркейту және инженерлік қамтамасыз ету Ережесін" бекіту туралы" N 15/22 шешімінің 125–тармағы 4)-тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласының аумағында автолавкалардан және палаткалардан көшпелі сауда жүргізу үшін нәрселерді:
      1) 1 - қосымшаға сәйкес бақшадақылдарын, көк өністер мен тұқымдарды (көшеттер мен желектер);
      2) 2 - қосымшаға сәйкес өнеркәсіп тауарларын;
      3) 3 - қосымшаға сәйкес кофені, шәйді, шекілдеуікті, балмұзда қ тар мен салқын сусындарды;
      4) 4 - қосымшаға сәйкес орнында әзірленетін дайын тағаммен ө німді өткізу бойынша орындар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика бойынша қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      Павлодар қаласының әкімі                   Б. Жоламанов

Павлодар қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 1 маусымдағы  
N 734/10 қаулысына    
1 - қосымша        

Автолавкалардан және палаткалардан бақша дақылдарын,
көкөністер мен тұқымдарды (көшеттер мен желектер)
өткізу бойынша көшпелі сауда жүргізуге арналған
орындардың тізбесі

      1. "Универсальный" рыногы және Торайғыров көшесі, 76 "Энергоорталық" акционерлік қоғамының ғимараты арасында;
      2. Павлодар – Омбы автожолының Шығыс жағы (Торговая көшесінен  жолайрыққа дейін);
      3. Ленин көшесіндегі N 7 и N 7/1 үйлер арасындағы сауда алаңында;
      4. Кутузов көшесі бойында (Каз. Правда көшесінен Ладожская көшесіне дейін);
      5. Базарлар аумағында;
      6. Дүкендер аумағында.

Павлодар қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 1 маусымдағы  
N 734/10 қаулысына    
2 - қосымша        

Автолавкалардан және палаткалардан өнеркәсіп тауарларын
өткізу бойынша көшпелі сауда жүргізуге арналған
орындардың тізбесі

      1. Орталы қалаң;
      2. Орталық жағажай;
      3. Мәдениет пен демалыстың орталық саябағы;
      4. Базарлар аумағында;
      5. Дүкендер аумағында.

Павлодар қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 1 маусымдағы  
N 734/10 қаулысына    
3 - қосымша        

Автолавкалардан және палаткалардан кофені, шәйді,
шекілдеуікті, балмұздақтарды және салқын сусындарды
өткізу бойынша көшпелі сауда жүргізуге арналған
орындардың тізбесі

      1. Мәдениет пен демалысты ң орталық саябағы;
      2. Қалалық жағажай;
      3. Автобекет;
      4. Теміржол вокзалы;
      5. Өзен вокзалы;
      6. Базарлар аумағында;
      7. Дүкендер аумағында;
      8. Автобус аялдамалары;
      9. Ленин көшесі бойында (Қ айырбаев көшесінен Кривенко көшесіне дейін);
      10. Кривенко көшесі бойында (қалалық жағажайдан академик Сәтбаев көшесіне дейін).

Павлодар қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 1 маусымдағы  
N 734/10 қаулысына    
4 - қосымша        

Автолавкалардан және палаткалардан орнында әзірленетін
дайын тағам мен өнімді өткізу бойынша көшпелі сауда
жүргізуге арналған орындардың тізбесі

      1. Мәдениет пен демалыстың орталық саябағы;
      2. Қалалық пляж;
      3. Автобекет;
      4. Теміржол вокзалы;
      5. Өзен вокзалы;
      6. Базарлар аумағында;
      7. Дүкендер аумағында;
      8. Орталық алаң;
      9. Орталық жағажай;
      10. Усолка өзенінің жағажайы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады