Ақсу қаласының білім беру мекемелерінде оқитын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы балаларға 2009 жылы қалалық қоғамдық қөлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру құқығын беру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 106/14 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 наурызда N 106 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 1-07/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2010.01.10 N 1-07/4 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 47-бабының 4 тармағы 1) тармақшасы және 6-бабының 1 тармағы 2) тармақшасы негізінде, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласының білім беру мекемелерінде оқитын және тәрбиеленетін келесі санаттағы балаларға:
      1) аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына;
      2) көп балалы отбасыларының балаларына;
      3) қамқорлықта (қорғаншылықта) және патронатта тұрған балаларға қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру жеңілдігі берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың жоспар және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады