Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған азаматтарын 2010 жылы Ақсу қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкім міндетін атқарушысының 2009 жылғы 9 желтоқсандағы N 12 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қаңтарда N 12-2-123 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 06 қаңтардағы N 1-34/8 хатымен)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2011.01.06 N 1-34/8 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған және бұрын тіркеуден өтпеген үлкен жастағы азаматтарды Ақсу қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылғы қаңтардан наурызға дейінгі аралығында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қала әкімінің осы шешімі ол алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Қала әкімінің осы шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы                          Б. Ағжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақсу қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі біріккен
      бөлімінің бастығы, майор                   Ә. Түсіпбеков
                                          8 желтоқсан 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады