2009 жылы Железин ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 19 ақпандағы N 62/1 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 наурызда N 68 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 126/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010.04.19 N 126/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2)-тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы Железин ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота жалпы жұмыс орындары санының 3 % мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он  күнтізбелік күн өткен қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж.Шугаев

Железин ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 19 ақпандағы
N 62/1 қаулысына
қосымша

2009 жылы Железин ауданы бойынша
мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

N

Аумақтық бірліктің атауы

Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер

Квота бойынша жұмыс орындары

Квотаны енгізу мерзімі

1.

Еңбекші селолық округі

Еңбекші жалпы білім беретін орта мектебі

1

қыркүйек

2.

Башмачин селолық округі

Башмачин жалпы білім беретін орта мектебі

1

мамыр

3.

Прииртышск селолық округі

Прииртышск жалпы білім беретін орта мектебі

1

тамыз

4.

Лесной селолық округі

Лесной жалпы білім беретін орта мектебі

1

қазан

5.

Уәлиханов селолық округі

Уәлихан жалпы білім беретін орта мектебі

1

қараша


Барлығы аудан бойынша:


5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады