Железин ауданының жалпы білім беретін орта мектептер негізінде ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағын орталықтарда баланың тамақтануы үшін ата-ананың ай сайынғы төлем мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 265/10 қаулысы. Павлодар облысы Железин аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қарашада N 12-6-79 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 28 қарашадағы N 405/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011.11.28 N 405/11 қаулысымен.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 372 бұйрығымен бекітілген балалардың толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесінің 24-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданының жалпы білім беретін орта мектептер негізінде ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағын-орталықтарда баланың  тамақтануы үшін ата-ананың ай сайынғы төлемі:
      онда балалардың толық күн болуымен 5866 (бес мың сегіз жүз алпыс алты) теңге сомасында;
      онда балалардың жарты күн болуымен 4174 (төрт мың жүз жетпіс төрт) теңге сомасында бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011.08.23 N 283/8 (жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Шугаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады