Май ауданында 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 78/4 қаулысы. Павлодар облысы Май ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 мамырда N 82 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына және 18-1 бабының 1 тармағына сәйкес және Май ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру мақсатында, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Май ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылсын:
      1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан адамдар;
      3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      3. Нысаналы топдардың ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі 1- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын берушілердің тізімі мен қатысушы адамдардың саны 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      5. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ашуды Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.И.Мұқатаев) келісім-шарт негізінде жұмыс берушiлермен жүзеге асырсын.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары  Е.Айтқұловқа жүктелсiн.

      Аудан әкімі                                Е.Әйткенов

Май ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 13 сәуірдегі
N 78/4 қаулысымен бекітілді

Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

      Осы нұсқау халықтың нысаналы тобының ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы ұйымдармен есеп айырысу жүйесін және негізгі шарттарды реттейді.

1. Жалпы ережелер

      Осы нұсқауда қолданылатын негізгі ұғымдар:
      әлеуметтік жұмыс орны - жергілікті бюджет қаржысы есебінен қабылданған жұмыскерлердің еңбекақысын төлеу үшін Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде тіркеуге алынған жұмыссыз азаматттарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен ұйымдастырылған жұмыс орны.
      нысаналы топтар - Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамту туралы Заңында белгіленген жұмысқа орнасуда қиындық көрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін топтар.
      Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру жөніндегі заң актілері таратылады.
      Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жолдама беруді Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаның бөлімі мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

2.Әлеуметтік  жұмыс орындарын ұйымдастырудың тәртібі
және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру

      Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін беріледі немесе кәсіпорындар мен ұйымдар қабылдаған жұмыскерлердің еңбекақысын толық немесе бөлшектеп төлеу жағдайында ұйымдастырылады.
      Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыстарды орындау үшін кәсіпорындар және ұйымдармен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен құру мерзімі және қаржыландырудың шарты жөнінде келісім-шарт бекітеді.
      Уәкілетті органы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа жіберуді олардың келісімі бойынша ғана іске асырады.
      Кәсіпорындар мен ұйымдарға әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің есебінен шығарылады.

3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көзі

      Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көзі жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүргізіледі.
      Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары 002102 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру іске асырылады.
      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу шығыны жергілікті бюджет қаржысы есебінен толықтырылады. Төлемақы жұмыс берушімен келісім негізінде жартылай өтемақы түрінде жасалады. Бюджет қаржысы бойынша есептесу жұмыс берушілердің есеп шотына қаржы аудару арқылы жүргізіледі.

4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырудың
және қаржыландырудың  тәртiбiн бақылау

      Мемлекеттік органдары белгіленген заң тәртібінде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулықтың сақталуын бақылауда іске асыру.

Май ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 13 сәуірдегі
N 78/4 қаулысына
1 қосымша

Нысаналы топтардың ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді
ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ

      1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім тапсырады.
      2. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде мынадай талаптарды ескереді: кәсіпорының төлеу қабілетті, еңбекақының уақытында төленуі, жұмыс орынның қауіпсіздік техникасы нормаларына сай болуы, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының сақталуы, уәкілетті органмен  жасалған келісім- шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссыздарға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі.
      3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде Уәкілетті органымен келісім-шарт жасайды. Келісім-шартта екі жақтың міндеттері, жұмыс көлемдері, түрлері,еңбек төлемдерінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі және көздері, жіберілген жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша болғандықтан, оны ұйымдастыру үшін жұмыс орындары мен бос орындары пайдалану мумкін емес.
      4. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру үшін жолдамаларды береді.
      Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген жұмыссызды қабылдайды, онымен еңбек келісім-шартын жасайды, қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады. Жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу мерзімі алты айға дейін.
      6. Жұмыс берушілер аудандық бюджет қаражатынан еңбек ақысын төлеу бойынша шығындардың орнын толтыру үшін ай сайын ағымдағы айдың 20-сына дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақыты есебінің табелін, әлеуметтік орындарға қабылданған жұмыскерлер туралы есепті және орындалған жұмыстардың актісін тапсырады.
      7. Нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру  үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеудің осы тәртібін орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

Май ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 13 сәуірдегі
N 78/4 қаулысына
2 қосымша

Әлеуметтiк жұмыс орындарын жұмыс берушiлердің тiзiмi
мен қатысушы адамдардың саны

Р/с

Жұмыс берушiлер

Қатысушы адамдардың саны

1

"Ая" шаруа қожалығының басшысы Бекқожин Ж.Н.

2

2

"Башлам" шаруа қожалығының басшысы Абубакаров Э.М.

10

3

"Куат" шаруа қожалығы Абылова Г.К.

3

4

"Со-Пут" шаруа қожалығының басшысы Соломатин Н.В.

3

5

"Ұста-ата" шаруа қожалығының басшысы Бакауов Ж.Б.

3

6

"Ығылман" шаруа қожалығының басшысы Ығылманова Ж.

10

7

Май ауданының әкімдігі, Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Май-сервис" МКК

7

8

Жеке кәсіпкер Тлеубеков С.К.

12

9

Жеке кәсіпкер Сулипова Г.Ш.

5

10

Жеке кәсіпкер Исмаилова Т.И.

3


Барлығы:

58

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады