Павлодар ауданының Заря және Кеңес ауылдық округтерінің елді мекендерінде насихаттау басылым материалдарын орналастыру үшін орын анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 8 қыркүйектегі N 253/9 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар ауданының Әділет баскармасында 2009 жылғы 16 қыркүйекте N 12-11-114 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 445/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2010.12.31 N 445/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес N 11 Заря сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың насихаттау басылым материалдарын орналастыру үшін орындар тізімі анықталсын.
      2. Заря ауылдық округінің әкімі, ішкі саясат бөлімі аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың насихаттау басылым материалдарын стендтер, қалқандар немесе қысқа бағаналарға белгіленген орында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Р. Солтанғазиновқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

      "Келісілді"

      Павлодар аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы              Б. Смағулова
                                              2009 жылғы 7 қыркүйек

Павлодар ауданы әкімдігінің    
2009 жылғы 8 қыркүйек N 253/9 қаулысына
қосымша              

N 11 Заря сайлау округі бойынша аудандық мәслихат
депутаттығына кандидаттардың насихаттау басылым
материалдарын орналастыру үшін орындар тізімі

N р/с Сайлау учаскесі, ауыл Орналастыру орны

1

N 388 сайлау учаскесі, Заря ауылы

1. Маметова, 1 көшесіндегі ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының жанындағы стенд.
2. Орталық Ленин көшесіндегі стенд

2

N 389 сайлау учаскесі, Бірлік ауылы

Жаяу Мұса көшесіндегі дүкенге кіреберісінде қалқан

3

N 390 сайлау учаскесі, Жертұмсық ауылы

И. Байзақов көшесіндегі ауылдық клуб кіреберісінде қалқан

4

N 391 сайлау учаскесі, Комарицин ауылы

Школьная көшесіндегі мектеп ғимаратының жанында стенд

5

N 392 сайлау учаскесі, Әйтім ауылы

Темірханов көшесіндегі дүкен ғимаратының жанында қалқан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады