Мүгедектерге жұмыс орындарын үлестіру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 33/2 қаулысы. Павлодар облысы Щарбақты ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 сәуірде N 80 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010.03.05 N 35/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010.03.05 N 35/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бап 1 тармағының 1314 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бап 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2 тармақшаларына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектерді жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын үлестіру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауданның кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарына қосымшаға сәйкес жалпы жұмыс орындарының үш пайыз мөлшерінде үлесі белгіленсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Теміржанова Гүлстан Сағынтайқызына жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 12 наурыздағы 
N 33/2 қаулысына    
қосымша       

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарын үйлестіру жөнінде
НҰСҚАУ

      Осы нұсқау Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Жұмысқа орналастыруда және жұмысқа алуда көмекке мұқтаж мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында ең аз мөлшердегі үлестірілген жұмыс орындары белгіленеді.
      2. Нұсқауда төмендегі негізгі ұғымдар қолданылады:
      үлестірілген жұмыс орындары (үлес) – ол кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдарда жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектерге арналған жұмыс орнының үлесі (бөлігі);
      жұмыс беруші – аудан аумағында іс әрекет ететін кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар (республикалық бюджеттен басқа қаржыландырылатын), жеке тұлғалар;
      жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органы – аймақтық деңгейде тұрғындарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз етуші жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары.

2. Үлесті белгілеу тәртібі және шарты

      3. Үлес бойынша нақты ұсыныстар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органның жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектер саны мен аймақтағы жұмыс күшіне сұранысты болжау және сараптау негізінде әзірленеді.
      4. Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органы ұсынған ұсыныстар және тиісті қаулы негізінде аудан әкімдігі ауданда орналасқан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарға мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарына үлес және оны енгізу мерзімін белгілейді.
      Үлесті анықтау кезінде мүгедектердің жас шамасы, жыныстық құрамы, мамандығы және кәсіптік шеберлік деңгейі, дәрігерлердің ұсыныстары-әлеуметтік сараптама, сонымен қатар кәсіпорындағы, мекеме және ұйымдағы жұмыс кестесі, сипаттамасы және жұмыстың әлеуметтік-тұрмыстық шарттары ескеріледі.
      5. Қабылданған шешім туралы жұмыс берушілерге хабарланады.
      6. Жұмыс берушілер белгіленген үлеске сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұйымдастырады немесе керекті жұмысшылар санын береді.
      7. Жұмыс орындарына жұмысқа орналасу жұмыспен қамтуды жүзеге асыратын өкілетті органның жолдамасы негізінде жүргізіледі.

3. Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз
ету үшін жұмыс берушілердің іс әрекеті

      8. Жұмыс беруші жұмыспен қамту бойынша өкілетті органы жіберген азаматтарды мүгедектерге арнайы белгіленген квотаға сәйкес жұмысқа қабылдайды.
      9. Жұмыс берушілер кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес босаған немесе белгіленген үлес деңгейіндегі жұмыс орындары туралы жұмыспен қамту жөнінде өкілетті органдарына үш күн мерзімінде ақпарат береді.
      10. Ай сайын жұмыс берушілер жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарға үлес бойынша бөлінген жұмыс орындарын толтыру туралы ақпарат береді.
      11. Үлес бойынша бөлінген жұмыс орындарын толтыруды бақылауға алу жұмыспен қамту бойынша өкілетті органы, жергілікті атқарушы, мемлекеттік еңбек инспекциясы жүзеге асырады.

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 12 наурыздағы 
N 33/2 қаулысына    
қосымша       

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру
үшін арнайы жұмыс орындарын
ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі

N

Ауылдық округ атаулары

Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер

Мамандығы

Іске қосу мерзімі 2009 жыл

1

Галкино ауылдық округі

"Ертіс орманы" МОТҚ ММ келісім бойынша

күзетші

сәуір - мамыр

2

Чигиринов ауылдық округі

"Ертіс орманы" МОТҚ ММ келісім бойынша

күзетші

сәуір - мамыр

3

Александровка ауылдық округі

"Абай" ЖШС келісім бойынша

жұмысшы

мамыр - маусым

4

Алексеевка ауылдық округі

"Алексеевское" ЖШС келісім бойынша

жұмысшы

маусым - шілде

5

Шарбақты ауылы

"Шығыс жолдары" ЖШС келісім бойынша

күзетші

мамыр - шілде

6

Шарбақты ауылы

"Болашақ" ЖШС келісім бойынша

күзетші

маусым - тамыз


Барлығы

5 кәсіпорын

6 жұмыс орны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады