2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі N 73 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 мамырда N 13-3-96 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 6 қаңтарда N 1 Қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2010.01.06 N 1 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 19-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» № 779 Жарғысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жас аралығындағы мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызмет мерзімін өткермеген оқу орындарынан шығарылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы халық қауіпсіздігі Комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық Гвардиясына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын.
      2. Аудандық шақыру комиссиясы мынадай құрамда құрылсын:

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Есіл аудандық әкімдігінің 2009.08.14 N 196 Қаулысымен

Чепухин Сергей Иванович

комиссия төрағасы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы

Тілеубаева Раушан Райымжанқызы

комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары

Комиссия мүшелері:

Әшімов Аян Әбуұлы

«Айыртау аудандық ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының тәрбие және кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары

Ғабдулина Ботагөз Қабдығалымқызы

медициналық комиссияның төрағасы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық өнеркәсібінің нарколог-дәрігері

Нұртазина Әнипа Бақытжанқызы

комиссия хатшысы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық өнеркәсібінің медбикесі

      3. Селолық округ әкімдері азаматтарды хабарландыруды және олардың шақыру учаскесіне уақытылы келулерін қамтамасыз етсін.
      4. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық өнеркәсібінің бас дәрігері құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп (келісім бойынша):
      шақырылғандарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссияны дәрігер-мамандармен құрастырсын;
      комиссияны қажетті құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
      ауданның емдеу-алдын ала емдеу мекемелерінде шақыру комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін орындар көзделсін.
      5. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен осы іс-шараларды өткізуге бөлінген қаражат шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. «Айыртау аудандық ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
      шақыру және аттандыру кезеңінде «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен өзара іс-әрекеттерін ұйымдастырсын;
      аудандық шақыру пунктінде тәртіпті қамтамасыз етсін.
      7. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»  Мемлекеттік мекемесі әскери қызметке аттану кезінде, облыстық жинау пунктіне салтанатты шығарып салу рәсімін, спорттық-бұқаралық іс-шараларын ұйымдастырып өткізсін.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р. Тілеубаеваға жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Айнабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады