2009 жылға арналған ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үщін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы N 201 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 шілдеде N 13-4-88 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі N 122 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігінің 2010.04.30 N 122 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін
өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес және
«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының
Заңын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің  орынбасары З.Ж. Молдағанаповқа жүктелсін.
      3. «2009 жылға арналған ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындары мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 56 қаулысының
күші жойылсын.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                    А. Тастеміров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады