2009 жылдың сәуір-маусымы және қазан-желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жөнінде

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 92 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 мамырда N 13-7-107 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы N 110 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 04.05.2016 N 110 қаулысымен (қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 8)-тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабы 3-тармағына, 20-бабы 1-тармағына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ, сондай-ақ қатар оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери кызмет мерзімін өтемеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің Ішкі әскеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне аудан аумағында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және өткізілу қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды жүргізу үшін аудандық шақыру комиссиясы, аудандық шақырту комиссиясының резервтегі құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Жамбыл аудандық орталық емханасы" Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша):
      шақырушыларды және әскери оқу мекемелеріне түсетін кандидаттарды медициналық куәландыру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар маман дәрігер және қажетті көлемде орта медициналық персоналдар бөлінсін;
      шақыру комиссиясы қажетті медициналық жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз етілсін.
      4. Жамбыл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыртуды жургізуге бөлінген қаржы шегінде уакытында қаражат бөлуді қамтамасыз етсін.
      5. Селолық округтердің әкімдері шақырылушылардың шақыру қағаздарында көрсетілген уақытында шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін.
      6. "Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      шақыруды өткізу кестесі әзірленсін және бекітуге ұсынылсын;
      мерзімді әсери қызметке шақыруды өткізу үшін техникалық қызметшілерді 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа тартсын;
      шақыру аяқталған соң шақырудың қорытындысы жөніндегі ақпаратты аудан әкіміне ұсынсын.
      7. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ қызмет көрсететін персоналдың міндетін атқару мерзімінде жұмыс орны, қызметі және еңбекақысы сақталады.
      8. Аудан әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қ. Сарбасовқа жүктелсін.
      9. Аудан әкімдігінің қаулысы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Ыбыраев

  Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
23 сәуірдегі № 92 қаулысына
1-қосымша

Аудандық шақырту комиссиясының
құрамы

Асқаров Мұрат Мәнәпұлы
"Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы
Сарбасов Алғиса Қазманұлы
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Мұхаметжанов Нұрлан Түлкібайұлы
"Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі" Мемлекеттік мекемесі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары
Житенко Людмила Васильевна
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның терапевт-
дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы
Нұртазина Гүлнәр Баймолдақызы
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның медбибісі, комиссия хатшысы

Аудандық комиссиясының резервтік
құрамы

Кәрімов Марат Рафаилович
"Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің әскери қызметкерлерді келісім шарт бойынша және әскер қатарына шақыру бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы
Мәкенов Зейнолла Бекетұлы
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Султангазиев Арыстан Тілегенұлы
"Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі" Мемлекеттік мекемесі бастығының кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары
Черкай Галина Никифоровна
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның терапевт-дәрігері
Карпеко Светлана Сергеевна
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның медбибісі, комиссия хатшысы

  Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
23 сәуірдегі № 92 қаулысына
2-қосымша

2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында аудан
аумағында мерзімдік әскери қызметке шақыртуды қамтамасыз ету
үшін жұмысқа тартылатын техникалық қызметшілердің
ТІЗІМІ

Р.№
Атаулары
Адамдар саны
Кәсіпорындардың атаулары
1.
Техникалық кызметшілер
2
Еңбек рыногі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады