Аудандық мәслихаттың кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 шілдедегі N 17-20 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 қыркүйекте N 13-9-100 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 20-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихаттың 25.12.2009 N 20-9 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 маусымдағы № 42-4 «Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің Мемлекеттік тізілімінде 2007 жылғы 31 шілдеде № 13-4-49 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 42 санында жарияланған), шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      шешімнің кіріспе сөзбасында «жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздерінен кейін «өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын.
      2. 2007 жылғы 17 шілдедегі № 43-2 «Мағжан Жұмабаев ауданында ит пен мысық ұстау ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің Мемлекеттік тізілімінде 2007 жылғы 27 тамызда № 13-4-50 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 42 санында жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін: шешімнің кіріспе сөзбасында «жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздерінен кейін «өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын.
      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген кезден күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                             Мәслихат хатшысы
      Б.Жұмашев                                   В. Гюнтнер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады