1993 жылы туған және шақыру жасынан үлкен Мағжан Жұмабаев ауданында бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2010 жылы тіркеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданы әкімінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қаңтарда N 13-9-110 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы N 1 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2011.01.06 N 1 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырындағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ереженің 1011-тармақтарына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. 1993 жылы туған және шақыру жасынан үлкен Мағжан Жұмабаев ауданында бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2010 жылы қаңтар-наурыз аралығында тіркеу жүргізілсін.
      2. Селолық округтердің әкімдеріне:
      1) әскер жасына дейінгі азаматтарға Мағжан Жұмабаев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі белгілеген мерзімде шақырту учаскесіне тіркелуге келу туралы хабарлауды ұйымдастырсын;
      2) әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есеп жүргізуге жауапты тұлғалардың жетекшілігімен тіркеу жүргізуге шақырту учаскесіне және тұратын мекен-жайына дейін жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша орталық аудандық ауруханасы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (мәтін бойынша әрі қарай КМҚК) бас дәрігері В.В. Уваровқа (келісім бойынша) медициналық комиссия жұмысына тәжірибелі мамандарды тарту ұсынылсын. Медициналық жабдықтар жөнделсін және флюрографиялық, рентгендік, зертханалық зерттеулер, жүректің электрокардиограммасын жасауда шығындалатын материалдардың қажетті саны қамтамасыз етілсін. Тіркелетін әр азаматтың емханалық картасы және оған Ф-025-I/Y қосымша беті болуын қадағаласын.
      4. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы М.И. Омарова тіркеу науқанын қаржыландыруды бөлінген қаражат шегінде уақтылы қамтамасыз етсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Сапаров

      КЕЛІСІЛДІ:
      «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің
      СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы
      бойынша орталық аудандық ауруханасы»
      КМҚК-ның бас дәрігері                      В. Уваров

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі                       Ж. Шәріпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады