Аудан әкімдігінің "1982-1991 жылы туған азаматтардың 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 60 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 21 тамыздағы N 175 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қыркүйекте N 13-10-88 тіркелді. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы N 02-08-02-02/37)

      Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімінің 14.01.2013 N 02-08-02-02/37)

      Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес, кадрлар құрамының өзгеруіне байланысты аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 60 «1982-1991 жылы туған азаматтардың 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» («Знамя труда» газетінде 2009 жылғы 22 мамырдағы № 22 жарияланған, Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 06 мамырда № 13-10-84 тіркелген) қаулысына төмендегі өзгертулер енгізілсін:
      әскерге шақырту комиссиясының құрамынан Сүлейменов Сағындық Әбдрахманұлы, Сазонова Наталья Вячеславовна және Мезгова Олеся Александровна шығарылсын;
      әскерге шақырту комиссиясы құрамына Дүйсекин Аманкелді Еркебұланұлы әскерге шақырту комиссияның төрағасы, Кузина Тамара Ивановна медициналық комиссияның төрайымы және Токарева Елена Петровна әскерге шақырту комиссиясының хатшысы болып енгізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Б. Бәкеевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Келісілді:
      Мамлют ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімінің бастығы                          А. Дүйсекин

      Аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          Т. Туғанбаев

      Аудандық орталық
      аурухананың бас дәрігері                   М. Коробкова

      Аудан әкімі                                Қ. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады