Тұрғындардың иелігіндегі үй малы мен құсының және жер учаскесінің кіріс болып есептелмейтіндігі туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық әкімиятының 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 638 қаулысы Атырау қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 шілдеде № 4-1-103 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 1683 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 04.12.2014 № 1683 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа ала отырып, 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы негізінде, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда отбасының жиынтық табысын есептеген кезде азаматтардың жеке қожалығындағы 1 бас ірі қара, 5 бас қой-ешкіге дейінгі малдарының, барлық түрдегі құс және үй жанындағы жер учаскесін кіріс бермейді деп айқындалсын.

      2. 1 тармақта көрсетілген мал басының үстіндегі малдың әр басының өнімі бұрынғы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығымен бекітілген "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтау" Ережесіне сәйкес статистика органдары беретін бағалармен отбасының жиынтық табысына кіріс болып есептелсін.

      3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, кенттік және селолық округ әкімдері тұрғындар арасында осы қаулыға байланысты түсінік жұмыстарын жүргізсін.

      4. Атырау қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі N 312 және 2009 жылғы 28 мамырдағы N 497 "Тұрғындардың иелігіндегі үй малы мен құсының және жер учаскесінің кіріс болып есептелмейтіндігі туралы" қаулылары жойылсын.

       5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      6. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиевқа жүктелсін.

      Қала әкімі                  С. Нақпаев

      Жобаны ұсынушы:

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы              А. Баязитова

      Келісілді:

Қала әкімінің орынбасары                     А. Айтбаев

Қала әкімінің орынбасары                     Ә. Нұрлығожиев

Қала әкімінің орынбасары                     Б. Иманғалиев

Қала әкімі аппаратының жетекшісі             Н. Ожаев

Қала әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық
және әскери-жұмылдыру
жұмысы бөлімінің бастығы                     Н. Нсанбаев

Қалалық экономика және

бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы                            Ә. Сабыров

Қалалық қаржы бөлімінің бастығы              Г. Тағанбаева         

Қала әкімі аппараты
жалпы бөлімінің бастығы                      К. Ермекова

Қала әкімі аппараты
жалпы бөлімінің бас маманы                   Қ. Аюпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады