2009 жылдың қазан-желтоқсан айларында қала аумағындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық әкімиятының 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 886 қаулысы. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 ақпанда N 4-1-106 тіркелді. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 323 қаулысымен.

      Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 323 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 8 тармақшасын және 37 бабын басшылыққа алып, 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабы 3 тармағына және 23 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 543 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі қалалық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (қосымша 1).
      2. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (А. Жақияев, келісім бойынша) 2009 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығындағы шақыру күніне дейін жасы 18-ге толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына (Т. Қуанов, келісім бойынша):
      1) шақыруды ұйымдастыру кезеңінде медициналық комиссия қызметіне қатыстырылатын дәрігерлерді, орта медициналық қызметкерлерді негізгі жұмыс орнын, қызметін және орташа айлық жалақысын сақтай отырып босату;
      2) әскерге шақырылғандарды қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың жолдамасы бойынша қалалық емханаларда және жанұялық- дәрігерлік амбулаторияларда рентген-флюорографиялық тексеруден және басқа да зертханалық тексерулерден (дәрет пен қанды жалпы тексеру, жүректі электрокардиограммадан өткізу) өткізуді қамтамасыз ету;
      3) шақыру кезеңінде науқасы анықталған, шақырылған және бұрын да емделіп жүрген әскер қатарына шақырушыларды тиімді емдеуді ұйымдастыру;

      4) 2009 жылдың қазан айында қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға диспансерлік амбулаториялық карталарды (Ф-025У және Ф-025), көз ауруына, өкпе ауруына, жүйке-психика, тері-қан тамырлары және басқа да жұқпалы аурулар бойынша есепте тұрғандардың тізімін тапсыру ұсынылсын.
      4. Шақыру кезеңіндегі қалалық дәрігерлік комисссиясының құрамы бекітілсін (қосымша 2).
      5. Облыстық емдеу-сауықтыру мекемелеріне, стоматологиялық емханаларға, психо-неврологиялық, тері-венерологиялық диспансерлерге әскерге шақырылғандарды қосымша тексеруден өткізуге және емдеуге қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың жолдамасымен келген күннен бастап қабылдау ұсынылсын (қосымша 3).
      6. 4 қосымшада көрсетілген Атырау қаласы аумағындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердін, оқу-орындарының, пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға 2009 жылдың 1 қазанынан 30 желтоқсанына дейінгі аралықта жұмыс орнын, қызметін және орташа айлық жалақысын сақтай отырып, техникалық қызметкерлер бөлу ұсынылсын.
      7. Қалалық ішкі істер басқармасына (А. Айжігітов, келісім бойынша):
      1) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармамен бірге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, шақыру комиссиясына белгіленген мерзімде келмегендерді жедел іздестіріп, қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға жеткізу, сондай-ақ әскерге шақырудан жалтаруға жол бермеу мәселелері бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
      2) әскерге шақыру кезінде іздестіру тобының жұмысын атқаратын ішкі істер бөлімінің мүмкіндікке қарай бірнеше қызметкерін кенттік, селолық округтер бойынша шықпаған азаматтарды іздестіру мақсатында кезекші көлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Атырау қаласы аумағындағы бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің басшыларына:
      1) 2009 жылдың қазан айына дейін қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға 1990-1991 жылы туған, жасы әскерге шақыруға жеткен жасөспірімдердің тізімін тапсыру;
      2) әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясына және әскерге аттанушыларды жинау пунктіне ұйымшылдықпен және уақытында келуін қамтамасыз ету;
      3) 2009 жылдың қазан айында шақырылуға жататын барлық азаматтарды іс сапарлардан, кезекті еңбек демалыстарынан шақыртып алу ұсынылсын.
      9. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген әскерге шақырылғандарды іздестіруді қамтамасыз ету үшін төмендегідей құрамда іздестіру тобын құру ұсынылсын:
      1) қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың өкілі;
      2) қалалық ішкі істер басқармасының өкілі;
      3) техникалық қызметкерлер (әскери міндеттілер қатарынан 3 адам).
      Сонымен қатар:
      1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және облыстық жинақтау пунктіне жөнелту жөнінде шаралар өткізу;
      2) шақыру комиссиясының ғимаратында шақырылғандар арасында тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды жүргізетін үгіттеу пунктін жабдықтау және оны көрнекі үгіт-насихат құралдарымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      10. Барлық кенттік және селолық округтер әкімдеріне өз округтері бойынша шақырылған азаматтарды шақыру учаскесіне келтіруді қамтамасыз ету жүктелсін.
      11. Қалалық әкімияттың 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 446 "2008 жылдың сәуір-маусым және қазан желтоқсан айларында қала аумағындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы" қаулысының күші жойылсын.
      12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      13. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиевқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                      С. Нақпаев 

       Жобаны ұсынушы:                      

      Қала әкімі аппаратының
      мемлекеттік-құқықтық және
      әскери-жұмылдыру жұмысы
      бөлімінің бастығы
      ____________С. Нсанбаев 

       Жоба келісілді:

      Қала әкімінің орынбасары         Қала әкімінің орынбасары
      ____________А. Айтбаев             ____________Ә. Нұрлығожиев

    Қала әкімінің орынбасары        Қала әкімі аппаратының жетекшісі
      ____________Б. Иманғалиев          ____________Н. Ожаев

      Қалалық экономика және бюджеттік  Қала әкімі аппараты жалпы
      жоспарлау бөлімінің бастығы        бөлімінің бастығы
      ____________Ә. Сабыров             ____________К. Ермекова

      Қалалық қаржы бөлімінің бастығы   Қала әкімі аппараты жалпы
      ____________Г. Тағанбаева         бөлімінің бас маманы
      _                                 ___________Қ. Аюпова 

       Қосымша келісілді:           "Атырау мұнай өңдеу зауыты"

      Атырау мұнай-құбырлар           жауапкершілігі шектеулі
      басқармасының бастығы          серіктестігінің бас директоры
      ____________С. Снхчян           ____________Т. Байтазиев
      "___" __________ 2009 ж.        "___" __________ 2009 ж.

      Атырау облыстық денсаулық      БК "Матин" жауапкершілігі
      сақтау басқармасының бастығы    шектеулі серіктестігінің
      ____________Т. Қуанов           бас директоры
      "___" __________ 2009 ж.        ____________Қ. Құдабаев
                                      "___" __________ 2009 ж.

      Қалалық қорғаныс істері         Қалалық ішкі істер
      жөніндегі басқарма бастығы      басқармасының бастығы
      ____________А. Жақияев          ____________А. Айжігітов

      "___" __________ 2009 ж.        "___" __________ 2009 ж

      "Қазақстан Темір жолы" Ұлттық  "ТЭК АНПЗ-транс" жауапкершілігі
      Компаниясы" акционерлік қоғамы   шектеулі серіктестігінің
      Атырау бөлімшесінің директоры    бас директоры
      ____________Б. Беркимбаев        ____________А. Сатыбалдиев
      "___" __________ 2009 ж.        "___" __________ 2009 ж.

Қалалық әкімдіктің   
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
N 886 қаулысына 1 қосымша

Мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі
қалалық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

Альберт Жүсіпұлы Жақияев - қалалық қорғаныс істері жөніндегі
                           басқарманың бастығы, комиссия төрағасы;
Бақыт Сайынұлы Иманғалиев - қала әкімінің орынбасары, комиссия
                           төрағасының орынбасары; 
Қалжан Төлеуқызы Дүйсалиева - медбике, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:
Гүлнар Хасанғалиқызы Құлғалиева - N 2 қалалық емхананың дәрігер-
                            терапевті (келісім бойынша);  
Жанболат Әділгерейұлы Қайралапов - қалалық ішкі істер басқармасы
                            бастығының орынбасары (келісім бойынша).

Қалалық әкімдіктің    
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
N 886 қаулысына 2 қосымша 

Шақыру кезеңіндегі қалалық дәрігерлік комиссияның
ҚҰРАМЫ  

Гүлнәр Хасанғалиқызы Кұлғалиева    - медициналық комиссия төрайымы
Айгүл Самарханқызы Маштақова       - дәрігер невропатолог;
Бақтыгүл Ғаббасқызы Арыстанғалиева - дәрігер-дерматолог;
Бақтылы Барақайқызы Саназарова     - дәрігер-кардиолог;
Қайрат Теміртасұлы Сұлтанов        - тіс дәрігері;
Жақсылық Әсемғалиұлы Әсемғалиев    - дәрігер-хирург;
Жұмазия Көпжанқызы Оразова         - дәрігер-психиатр;
Зульфина Іздағанқызы Есенғалиева   - көз дәрігері;
Сара Ибатоллақызы Шекенова         - дәрігер-терапевт;
Сембек Үмбетұлы Үмбетов            - дәрігер-фтизиатр;
Ерік Ғабитұлы Джумағалиев          - дәрігер-отоларинголог.

Орта медицина қызметкерлері:

Гүлнәр Ерекешқызы Шагирова 
Қалжан Төлеуқызы Дүйсалиева       
Қалима Сағынқызы Жантемірова      
Рауза Дәрменғалиқызы Тауашева  
Светлана Шакиқызы Сабирова  
Тамара Шәріпқызы Дүйсебаева

Қалалық әкімдіктің   
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
N 886 қаулысына 3 қосымша

Әскер қатарына шақырылушылардың стационарлық және
амбулаториялық медициналық тексеруден өтетін
емдеу-профилактикалық мекемелерінің
ТІЗБЕСІ

1. Облыстық аурухана, диагностикалық-консультациялық орталығы
2. Облыстық біріккен туберкулез ауруханасы
3. Облыстық тері-венерологиялық диспансері
4. Облыстық психо-неврологиялық диспансері
5. Қалалық өкпе аурулар диспансері
6. N 1 қалалық аурухана
7. N 2 қалалық аурухана
8. N 1 қалалық емхана
9. N 2 қалалық емхана
10. N 3 қалалық емхана
11. N 4 қалалық емхана

Қалалық әкімдіктің   
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
N 886 қаулысына 4 қосымша

2009 жылдың 1 қазанынан 30 желтоқсанына дейінгі аралықта
техникалық қызметкерлерді бөлетін кәсіпорындар мен мекемелер
ТІЗІМІ

1. БК "Матин" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 адам
2. Атырау мұнай-құбырлары басқармасы 1 адам
3. Атырау мұнай өңдеу зауыты 1 адам
4. "ТЭК-АНПЗ-транс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 адам
5. "Қазақстан темір жолы" Ұлттық Компаниясы" акционерлық қоғамы Атырау бөлімшесі 1 адам

6. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 15 адам.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады