Атырау қаласына қарасты өткелге, көшелер мен көпірлерге атау беру және өзгерту туралы

Жаңа

Атырау қалалық әкімиятының 2009 жылғы 1 желтоқсандағы N 1258 қаулысы және Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 3 ақпандағы N 180 бірлескен шешімі. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда N 4-1-113 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 4 тармағын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ және Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қаласындағы кейбір көшелердің атаулары:
      1) Тобольская көшесі – Мәтеш Дүйсенғалиев;
      2) Д. Бедный көшесі – Қалим Бекқалиев;
      3) Атырау мөлтек ауданындағы № 14 көше – Мұқаш Жұмағазиев;
      4) Атырау мөлтек ауданындағы № 20 көше – Алданған Нұрғалиев;
      5) Атырау мөлтек ауданындағы № 30 көше – Тайыр Нысанов көшесі болып өзгертілсін.
      2. Атырау қаласына қарасты кейбір кент және село көшелеріне:
      1) "Жұмыскер-2" кентінің № 7 көшесіне – Зәкеш Юсуповтың;
      2) Атырау селосындағы Атырау – Дамбы тас жолы бойында жаңадан бой көтерген бірінші көшеге – Қисмет Көшалиевтың;
      3) Атырау селосындағы Атырау – Дамбы тас жолынан санағанда екінші көшеге – Қадірәлі Балмановтың;
      4) Атырау қаласындағы Водозаборный өткеліне Мұхан Наурызалиевтің есімі берілсін.
      3. Атырау қаласындағы Балықшы кенті мен Жұмыскер кентін Жайық өзені арқылы жалғастыратын көпірге "Балықшы" атауы берілсін.
      4. Атырау қаласындағы тұрғын үй қалашығы мен Авангард мөлтек ауданын Жайық өзені арқылы жалғастыратын көпірге "Мұнайшы" атауы берілсін.
      5. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.

      XV сессия төрағасы,               Атырау қаласының
      қалалық Мәслихат хатшысы          әкімі
      _____________ Б. Қазиманов       __________ М. Исмұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады