Тұрғызба селосы мен Аққұдық, Қойсары, Қараша елді мекендеріндегі көшелерге атаулар беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы Жем селолық округі әкімінің 2009 жылғы 1 қазандағы N 32 шешімі. Жылыой аудандық әділет департаментінде 2009 жылғы 16 қазанда N 4-2-126 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Жем селолық округі әкімінің 2010 жылғы 21 мамырдағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Жем селолық округі әкімінің 21.05.2010 № 13 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына және облыс әкімиятының 2009 жылғы 7 шілдедегі № 162 "Атырау облысының елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атауын, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу қағидасын бекіту туралы" қаулысы мен аудандық ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 7 шешіміне сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Жем селолық округінің Тұрғызба селосы мен Аққұдық, Қойсары, Қараша елді мекендерінің атаусыз көшелеріне төмендегі елге танымал адамдар мен жер-су аттары берілсін.
      Тұрғызба селосының атаусыз көшелеріне келесі:
      № 1 - Хиуаз Доспанова көшесі;
      № 2 - Жастар көшесі;
      № 3 - Азаттық көшесі;
      № 4 – Бейбітшілік көшесі;
      № 5 - Қайнар көшесі;
      № 6 - Қияқ көшесі:
      № 7 - Жеңіс көшесі;
      № 8 - Айранкөл көшесі;
      № 9 - Атырау көшесі;
      № 10 - Әбілқайырхан көшесі;
      № 11 - Бимырза көшесі;
      № 12 - Қызылқала көшесі;
      № 13 - Қызыл ту көшесі;
      № 14 - Мәші көшесі;
      № 15 - Құмтоғай көшесі;
      № 16 - Бұхар жырау көшесі;
      № 17 - Қызылжар көшесі;
      № 18 - Қанжыға көшесі;
      № 19 - Дінмұхамед Қонаев көшесі;
      № 20 - Жаңабай батыр көшесі;
      № 21 - Бауыржан Момышұлы көшесі;
      № 22 - Дәулеталы көшесі;
      № 23 - Бәйтерек көшесі;
      № 24 - Ғабдол Сланов көшесі;
      № 25 - Мақаш би көшесі;
      № 26 - Махамбет Өтемісұлы көшесі;
      № 27 - Халел Досмухамбетов көшесі;
      № 28 - Желтоқсан көшесі атаулары берілсін.
      Аққұдық елді мекенінің атаусыз көшесіне:
      Аққұдық атауы берілсін.
      Қойсары елді мекенінің атаусыз көшесіне:
      Қойсары атауы берілсін.
      Қараша елді мекенінің атаусыз көшесіне:
      Қараша атауы берілсін.
      2. Осы көше тұрғындарына көшені ауылдағы үлгілі көшеге айналдыру, көше тәртібі мен тазалығын сақтау тапсырылсын.
      3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Жем селолық округ әкімі Н. Балғынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады