Жаңа көшелерге атаулар беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 53 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 7 қазанда N 4-3-126 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қарашадағы N 59 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қарашадағы N 59 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35–бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына және Махамбет ауданы әкімі аппаратының жанындағы ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 21 тамыздағы N 5 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Селолық округтегі жаңадан берілген жер телімдеріндегі көшелерге қазақтың тарихында елеулі орын алатын қоғам қайраткерлері, мемлекеттік тұлғалар есімдері берілсін:
      1) 1 (бірінші) көшеге "Мұқан Төлебаев";
      2) 2 (екінші) көшеге "Шара Жиенқұлова";
      3) 3 (үшінші) көшеге "Ғарифолла Құрманғалиев";
      4) 6 (алтыншы) көшеге "Доспамбет Жырау";
      5) 7 (жетінші) көшеге "Жәнібек Хан";
      6) 8 (сегізінші) көшеге "Мұстафа Өзтүрік";
      7) 9 (тоғызыншы) көшеге "Балуан Шолақ".
      2. Осы шешімді орындауға, көшенің атаулары мен көшелердің санын темір қаңылтырдан жасап салуды селолық округ әкімі аппаратының жетекші маманы Р. Адилғалиеваға міндеттелсін.
       3. Осы шешімнің орындалысын бақылау селолық округ әкімі аппаратының бас маманы Б. Күзембаеваға тапсырылсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Селолық округ әкімі          Қ. Қойшығали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады