Селодағы жаңа көшелерге атаулар беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық селолық округі әкімінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі N 31 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қазанда N 4-3-128 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық селолық округі әкімінің 2010 жылғы 15 қарашадағы N 43 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық селолық округі әкімінің 2010 жылғы 15 қарашадағы N 43 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 4-бабынның 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына және Махамбет аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 21 тамыздағы N 5 ұйғарымына сәйкесШЕШЕМІН:
      1. Селоның оңтүстік бетіндегі шығыстан батысқа қарай салынған 1 (бірінші) көшеге мұсылмандардың ұлттық мерекесі Наурыз есімі берілсін.
      2. Селоның оңтүстік бетіндегі шығыстын батысқа қарай салынған 2 (екінші) көшеге қоғам қайраткері, ардагер–ұстаз Сабыр Қазыбаев есімі берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округ әкімі
      міндетін атқарушы               Е. Есекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады