Аудан әкімиятының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 167 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Исатай ауданы әкімінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 66 қаулысы. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 маусымда N 4-4-137 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 114 қаулысымен.

      Ескерту. Кїші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы ҚкімініҺ 15.07.2009114 ќаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Исатай аудандық әкімиятының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 167 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі туралы" қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2008 жылы 30 желтоқсанда N 4-4-118 тіркелді, аудандық "Нарын таңы" газетінде 2009 жылы 29 қаңтарда N 5 ресми жарияланған).

      2. Аудандық әкімияттың 2008 жылғы 28 қарашадағы N 167 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі туралы" қаулысының 2-қосымшасына жеке кәсіпкер "Закарина У" (келісім бойынша) енгізіліп, қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      3. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі:

З. Сүйнешов

      Келісілді:
Жеке кәсіпкер: __________________ Закарина У.
26. 04.2009ж.

  Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі қаулысына қосымша N 66

      Аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын кәсіпорын, мекемелер тізбесі

N

Кәсіпорын, мекемелер атауы

1

"Аққыстау су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2

"Аққыстау ЭКО"

3

"Қабдолқызы" шаруа қожалығы

4

"Құрасов" шаруа қожалығы

5

Жеке кәсіпкер "Закарина У" -(келісім бойынша)

6

Тағы басқа халыққа қызмет көрсету кәсіпорындары мен мекемелері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады