Құрманғазы ауданы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайларын, үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 346 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 25 қыркүйекте N 4-8-154 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркуйектегі N 2464   "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының   8 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құрманғазы ауданы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлары N 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Құрманғазы ауданы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарға үгіттік-баспа материалдарын орналастыру орындары N 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланып күнтізбелік 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы, әкімдік мүшесі Б. Бралиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                    А. Такешев

      Келісілді:
      Аудандық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы - Әмірғалиев Айболат
      Орлы селолық округінің тұрғыны - Темірғалиев Нариман

Аудан әкімдігінің   
2009 жылғы 18 қыркүйектегі
нормативтік құқықтық кесімге
1 қосымша        

Құрманғазы ауданы бойынша маслихаттар депутаттығына
кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай орындарының
ТІЗБЕСІ

Р/с

Селолық, ауылдық округ атауы

Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай орындарының орналасқан жері

1

Ганюшкин селолық округі

- С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимараты, Ганюшкин селосы, Абай көшесі, 50 үй

2

Ақкөл селолық округі

- Селолық мәдениет үйі ғимараты, Құспанов көшесі, 13 үй

3

Байда селолық округі

- Селолық мәдениет үйі ғимараты, Байда селосы, Әуезов көшесі, 26 үй

4

Бірлік селолық округі

- С.Н.Имашев орта мектебінің ғимараты, Бірлік селосы, Оқаев көшесі 15-а үй

5

Еңбекші селолық округі

- Селолық мәдениет үйі ғимараты, Жұмекен селосы, Өмірбаев көшесі 1А үй

6

Орлы селолық округіне қарасты Каспий ауылы

- Каспий ауылы N 48 Н. Темірғалиев үйі

7

Көптоғай селолық округі

- С. Мұқанов орта мектебінің ғимараты, Көптоғай селосы, Әбішев көшесі, 2А үй

8

Кудряшов селолық округі

- Кудряшов селосы, Гоголь атындағы орта мектебі, Намазалиев көшесі, 

9

Қиғаш селолық округі

- Қиғаш мәдениет үйі ғимараты

10

Мақаш ауылдық округі

- Алға селолық мәдениет үйі ғимараты,  Ә. Сәрсенбаев N 45 үй

11

Нұржау селолық округіне қарасты Жамбыл ауылы

- Жамбыл ауылы, Панфилов негізгі мектебі  N 1 үй

12

Сафон селолық округі

Сафон селолық мәдениет үйінің ғимараты, Сафон селосы, Жеңіс көшесі 10 үй

13

Теңіз селолық округі

Теңіз селосы, Селолық мәдениет үйі ғимараты, Исатай көшесі 28 үй

14

Шортанбай селолық округі

- Шортанбай селолық мәдениет үйі, Ә. Сәрсенбаев N 43 үй

Әмірғалиев А.:                     АаСК төрағасы

Темірғалиев Н.:                    Орлы с/о тұрғыны

Аудан әкімдігінің    
2009 жылғы 18 қыркүйектегі
нормативтік құқықтық кесімге
2 қосымша        

Құрманғазы ауданы бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттар
үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының
ТІЗБЕСІ

Р/с

Селолық, ауылдық округ атауы

Үгіт материалдарының орналасатын жері

1

Ганюшкин селолық округі

- Ганюшкин селосы, Абай көшесі, "Серпер" сауда орталығының маңындағы бос алаң

- Ганюшкин селосы, Құрылысшы ауылы, Е. Елеубаев көшесі 11 үйдің маңындағы бос алаң

- Ганюшкин селосы, РТС ауылы, Қыдыр ата көшесі 36 үйдің маңындағы бос алаң

2

Ақкөл селолық округі

- Ақкөл селосы, А. Иманов көшесі, 15 үй "Кайсар" кафесінің маңындағы бос алаң

3

Байда селолық округі

- Котяев селосы, "Қ.Утепов" дүкенінің маңындағы бос алаң

4

Бірлік селолық округі

- Утера селосы, 1-Май көшесі, "Утера" бала бақшасының маңындағы бос алаң

- Богатый селосы, Сарай әже көшесі, фельдшерлік-акушерлік пункттің маңындағы бос алаң

5

Еңбекші селолық округі

Жұмекен селосы, Мұсаев көшесі, "Байбақты" дүкенінің маңындағы бос алаң

- Дәулеткерей ауылы, "Хамза" дүкенінің маңындағы бос алаң

- Қошалақ ауылы, бұрынғы кітапхана ғимараты

6

Орлы селолық округіне қарасты Каспий, Шестой елді мекендері

- Шестой ауылы  N 38, С. Сапарова үйінің маңындағы бос алаң

7

Көптоғай селолық округі

- Көптоғай селосы, Қ. Елжанов көшесі, фельдшерлік-акушерлік пункттің маңындағы бос алаң

8

Қиғаш селолық округі

Қиғаш мәдениет үйі ғимаратының       маңындағы бос алаң

9

Кудряшов селолық округі

Кудряшов селосы, Мазуров көшесі 44-В, Кудряшов селолық кітапхананың

маңындағы бос алаң

10

Мақаш ауылдық округі

- Алға селосы, Мақаш әкім көшесі, "Әлия" дүкенінің маңындағы бос алаң

- Ғ.Әліпов ауылы, Ғ. Әбілхайыров үйінің маңындағы бос алаң

- Афанасьев бекеті, "Төленгіт" дүкенінің маңыдағы бос алаң

11

Нұржау селолық округіне қарасты Жамбыл ауылы

- Жамбыл ауылы N 45, фельдшерлік-акушерлік пункттің маңындағы бос алаң

12

Сафон селолық округі

- Сафон селосы, сауда үйі ғимаратының маңындағы бос алаң

13

Шортанбай селолық округі

- Шортанбай селосы Жеңістің 40 жылдығы көшесі N 7 "Перекресток" дүкенінің маңындағы бос алаң

- Жасталап ауылы, Жасталап көшесі, 52 үй, "Нұрым" дүкенінің маңындағы бос алаң

14

Теңіз селолық округі

- Теңіз селосы, Исатай көшесі, "Бекзат" мейрамханасының маңындағы бос алаң

АаСК төрағасы             Әмірғалиев А.

Орлы с/о тұрғыны          Темірғалиев Н.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады