Мақаш ауылдық округіне қарасты шағын елді мекендердегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қазандағы N 29 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қарашада N 4-8-173 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Мақаш селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қазандағы N 77 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Мақаш селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 26 қазандағы № 19 хаттамасына сәйкес, ШЕШЕМІН:
      1. Мақаш ауылдық округіне қарасты Ғизат Әліпов елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге – Ынтымақ, Көкарна елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Тайбурыл, Афанасьев елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Теміржолшылар есімдері берілсін.
       2. Шешім әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                       Ж. Жұбанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады